Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев "Әсем" балалар лагерінде болды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев "Бақытты бала" жобасы аясында жанынан "Артек" үлгісіндегі жыл бойғы демалыс орны құрылып жатқан "Әсем" балалар лагерінде болды.  

Қазіргі таңда жалпы алаңы 13 гектар болатын лагерь аумағында оқу корпусы мен финдік "ЛСТК" технологиясы бойынша тұрғызылып жатқан 60 орындық жатын корпусының құрылыстары аяқталуға жақын.

Есте қаларлығы, оқу ғимаратының дизайны cәулетшілердің жоспары бойынша бірнеше кітап үлгісінде орындалған.

Оның жалпы аумағы 8,8 мың шаршы метр. Жұмыс аяқталған соң балалар оқудан қол үзбей-ақ "Әсем" жыл бойғы лагерінде тұрып, демала алады.