Облыс әкімі Б.Сапарбаев өңірде ұлт жоспарының жүзеге асырылуына байланысты баспасөз мәслихатын өткізді

You are here

Бүгін "Ақтөбе-ақпарат" орталығында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Елбасының "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының өңірде жүзеге асырылуы жөнінде баспасөз мәслихатын өткізді. Ел дамуының бағыт-бағдарына айналған 5 институционалды реформаға байланысты жергілікті биліктің атқарған жұмыстарының нәтижесі мен алдағы жоспарларға өңір басшысы кеңінен тоқталды.

"100 нақты қадам" - Ұлт жоспарының жүзеге асырылуының алғашқы қорытындылары облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың журналистерге арнап өткізген Ақтөбедегі алғашқы кең көлемді баспасөз мәслихатына себеп болды. Елбасының тапсырмаларын бұлжытпай орындау өңір басшыларына сын және артылған зор міндет. Ал, ұлт жоспары елді өркениетке бастар жол, экономикаға серпін, билік құрылымдарына компас және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағыттылған міндеттер тізбегі. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ұлт жоспарының талабы бойынша мемлекеттік қызметке бірінші рет орналасып жатқан адамының кәсіби қызметі төменгі сатыдан басталуы тиіс. Лауазымы өсі үшін ішкі байқаулардан өтуі керек. Облыс әкімі күні бүгінге дейін осы бағытта 18 конкурстың өткендігін атап өтті. 3 адам мемлекеттік байқаудан сүрінбей өткен, ал 10 қызметкер байқауға жіберілген. Басқа жақтан ауысып келген қызметкерлерге 129 қызметтік пәтер дайын. Еңбегі қызметі мен жұмыс көлеміне байланысты бағаланатын қызметішілерге қойылар талап та қатаң. Оларға қатысты әрбір арыз қоғамдық деңгейде де тексеріледі. 

ҚАЙЫРЖАН ТОҚУШЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ, "ӘДЕП" КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Облыс басшысы жемқорлықпен күрестің күн тәртібінен түспейтіндігін, сыбайластықтың алдын алуға басымдық беріліп отырғандығын да атап өтті. Ал, қоғамдық тәртіпті қадағалап, қылмысты боолдырмау үшін құрылған жергілікті полиция қызметінің құрамында 1260 адам бар. Өңірде қылмыстың барлық түрі азайып, әкімшілік санатындағы заңға қайшы әрекеттірді әшкерелеу деңгейі артқан. Полицияның қызметін жіті қадағалап отырған қоғамдық кеңестің де пайдалы тұстары көп. Облыс әкімі ішкі тәртіппен қатар, экономиканың басым салаларына, атап айтқанда, өндіріс пен қайта өңдеу секторындағы жаңалықтармен де бөлісті. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бірінші, қытайлық компания Қарғалы ауданында қуаты жылына 1 миллион тонна цемент шығаруға жетерлік зауыт салады. Оған 150 миллион ақш доллары көлемінде инвестиция салынып, 350 жұмыс орны ашылады. Екінші, жылына 800 мың тонна калий тыңайтқыштарын өндіретін зауыт салынады. Оған Австралиялық инвесторлар 592 миллион доллар инвестиция салып, 1100 жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Үшінші зауыт никель өндіруге бейміделеді. Біріккен араб әмірліктерінен келген инвестор жобаға 125 миллион доллар жұмсауды көздеп отыр. Бұл өндіріске 150 адам орналастырылады. Аталған үш зауытқа да атқарушы билік жан-жақты қолдау көрсетеді.

Биыл облыс арқылы өтетін халықаралық тас жолдарды қайта жаңғырту басталып, ауыл ауылдағы экономиканың тамырына қан жүгіру тиіс. Ақтөбе-Астрахань жолын жөндеу жуырда басталады, ал Орталық пен Батыс аймақты жалғайтын жол Ырғыз, Шалқар және Мұғалжар аудандарының еңсесін көтеруі керек. Облыс басшысы оқу орындары мен емдеу мекемелерін біріктіретін медициналық кластер,  5,5 миллиард теңге жұмсалып, түрикиялық инвесторларға сенімді басқаруға тапсырылатын жедел жәрдем қызметіне де тоқталып өтті. Жалпы Ақтөбеде соңғы жылдары медицина саласын ілгерілендіретін бірқатар маңызды жобалар қолға алынғанын мамандар да растап отыр.

ӘСЕТ ҚАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Облыста жастардың қызметі де кеңінен пайдаланылады, оларға қолдау да көрсетіледі. Ал, шетелден діни білім іздейтіндердің әрекеті бос әурешілікпен тең, - деді облыс әкімі

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі Ұлт жоспарының сексен тоғызыншы қадамын жүзееге асыру мақсатында облыста 17 балабақша мен алты мектептің салынатындығын да жеткізді. Алдымен апатты жағдайдағы, екіншіден пешпен жылытылатын және үш ауысымдық мектептердің жойылатын күні жақын. Ал, мемлекет пен жеке кәсіпкерліктің серіктестігі арқылы мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беретін мектептер, мәдени және спорттық нысандар салына бастайды. Орта арнаулы оқу орындары кезең-кезеңімен Норвегия сияқты дамыған елдердің үлгісімен дуалдық оқыту жүйесіне көшеді. Облыс басшысы журналистердің елді мекендерді жарықтандыру, көктемгі су тасқынының алдын алу, суармалы жерлер көлемін көбейту тұрғысындағы сауалдарына да тұшымды жауабын берді. Бас аяғы 1,5 сағатқа созылған баспасөз мәслихатында облыстық әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық салалары қамтылды. 

 

 

Жаңалықтар таспасы