Облыс әкімі бірқатар өндіріс нысандарын аралады

You are here

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бірқатар зауыттардың жұмысымен танысып, Ақтөбенің өнеркәсіп саласына маманданған өндірістік ортасының мүмкіндігін бағамдады. Ол құрылыс материалдарын шығаратын зауаттарға, тоқыма бұйымдар фабрикасына, дәрі-дәрмек өндірісіне және мал басын көбейтуді жолға қойған шаруа қожалығына барды. Кәсіпкерлер облыс басшысына жоспарларын айтып бөлісті.

Бұл полиэтилен пакеттер шығаратын Поливест компаниясының цехы. "Әдемі" тоқыма бұйымдар фабрикасының ғимаратын жалға алып отырған цехта  жұмыс үнемі осылай тоқтаусыз жүріп жатады. Ал "Әдемі" фабрикасының басшылығына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев нарықтық сұранысқа сай қызмет жасау керектігін айтты.  Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев мия тамырынан жөтелге қарсы дәрі жасап шығарып отырған "ТК Фарм Ақтөбе" зауытына да барды. Бұл өндірістің өнімі фармацевтикалық ортада танылып, сапасы мамандардың жоғары бағасын алды. Мия шәрбәтінің үш түрін шығаратын кәсіпорын жуырда халықаралық деңгейдегі сертификатқа қол жеткізді.

Облыс әкімі "Бекарыс фирмасына" да барды. Компания кварцтан жасанды тас кірпіш шығаруға бейімделген зауыт болғандықтан, жергілікті нарықта 25 жылдан бері танылып үлгерді. Мұнда облыс әкіміне өндірістің мүмкіндіктері мен алға қойған жоспарлары таныстырылды. Бұдан соң, облыс басшысы Сазды селолық округіндегі "Қыпшақ" шаруа қожалығына барды. Шаруашылық ешкі малын көбейтіп, оның емдік сүтін пайдаға жаратып отыр. Қожалық басшысы Қонысқали Дүйсенбиннің айтуынша, күніне бір жарым дитрден 5 литрге дейін сүт сауылады. Малға арналған екпе шөп өздерінде бар. 

Бұдан соң облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құрылысқа қажетті лак және бояу шығарумен айналысатын "Алина Про" серіктестігіне барды. Өндіріс қазақстандық нарықта 1999 жылдан бері жұмыс істеп, аяғынан нық тұрды. неміс технологиясын қолдану арқылы 60 түрлі өнім шығарады. Жылдық қуаттылығы 360 тонна құрылысқа қажетті қоспа. Егер, Ақтөбе құрылысы қарқынды дамып, жыл сайын жаңа үйлер мен ғимараттар бой көтеріп келе жатқан аймақ екеніне назар салсақ, бұл зауыттың өнімі бәсекеге қабілетті болуы керек.

 

Қосылды: 
07.04.2016 - 11:33
Соңғы өзгерiстер: 
08.09.2016 - 15:33

Жаңалықтар таспасы