Облыс әкімі Б. Сапарбаев "АТФ банкі" Ақ басқарма төрағасымен кездесті

You are here

Еліміздегі ірі қаржы ұйымдарының бірі - "АТФ БАНКі", мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін Ақтөбе облысына қолдау көрсетуге дайын. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездескен "АТФ БАНКТІҢ басқарма төрағасы Эспини Энтони мәлімдеді. Кездесу барысында аймақтың даму мүмкіндіктеріне орай, қаржы ұйымының өңірдегі филиалы да өз қызметін кеңейтуі керек деген талап қойылды.

Елімізде қабылданған түрлі бағдарламаларды жүзеге асыруда, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктерінен өзге, қаржы ұйымдарының да көмегі қажет. Оның ішінде, дағдарысқа қарсы қабылданған "Нұрлы жол" бағдарламасының маңызы зор. "АТФ БАНКТІҢ" басқарма төрағасы Эспини Энтонимен кездескен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, алдымен, өңірдің тұрақты даму көрсеткіштерін дәлелдейтін бірқатар салалардағы жұмыстар туралы айтып, қаржы нарығындағы қалыпты жағдайды да атап өтті.    

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Экономикалық дағдарыс уақытында, барлық мүмкіндікті, тетіктерді пайдалану қажет. Соның ішінде, қаржы ұйымдарының несиелік ресурстары үлкен маңызға ие. АТФ БАНКІ облыс экономикасына 1 млрд теңге көлемінде қаржы салып, 6 кәсіпорынға қолдау көрсетті. Алайда, сіздердің несиелік портфелдеріңізді ескерсек, оның көлемін ұлғайтуға болады. Әсіресе, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда бірлесе жұмыс істеген жөн деп есептеймін.

Кездесу барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, бірлесе жұмыс істеуде оң нәтиже беретін бірнеше ұсынысын айтты. Оның алғашқысы, банктің облыс аумағында филиалдарын ашу болса, екіншісі, несиелендіруге жеңілдік көрсету және Ақтөбе бейметалл тұрбалары зауытының қаржы ұйымы алдындағы қарызын қайтаруға қолдау жасау. АТФ БАНКІ төрағасы бұл ұсыныстарға орай, тиісті шаралар қолға алынатынын жеткізді. 

ЭСПИНИ ЭНТОНИ, "АТФ БАНКІ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

Біз қашанда бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Мүмкіндігімізге қарай, филиалдардың санын көбейтетін боламыз. Өйткені бізге, әрі қарай даму қажет. Ал, бейметалл тұрбаларын шығаратын кәсіпорынды көріп, жобаларымен танысамыз. Барлық жағдай ескерілетін болады. 

АТФ банкі негізінен шағын және орта бизнесті қаржыландыруға баса көңіл бөледі. Кез-келген ел экономикасының дамуы осы саламен тікелей байланысты екенін ескерсек, Қазақстанның зор мүмкіндігі бар дейді банк төрағасы. 

 

 

Қосылды: 
14.04.2016 - 15:10
Соңғы өзгерiстер: 
07.09.2016 - 17:21

Жаңалықтар таспасы