Облыс әкімі Б. Сапарбаев жұмыс сапарымен Мәртөк ауданында болды

Все рабочие поездки акима
Сенбі, 20 Ақпан, 2016

ОБЛЫС ӘКІМІ Б. САПАРБАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН МӘРТӨК АУДАНЫНДА БОЛДЫ

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, жұмыс сапарымен Мәртөк ауданында болды. Бір қатар елді-мекендерді аралап, әлеуметтік нысандарды көрді. Тұрғындармен кездесті. Белгілі болғандай, ауылдықтарды мектептің апатты жағдайы мен клубтың құрылысына қатысты мәселелер толғандырады. Соңғы жылдары мал өсіруге қолайлы жайылым жерлердің де өрісі тарылған. Мәртөктіктердің мұңын естіген облыс әкімі мұндағы аудан басшылығына нақты тапсырмалар берді.

Облыс әкімінің жұмыс сапары аудандағы ең ірі шаруа қожалықтарының бірі - "Родники" акционерлік қоғамынан басталды. Бұл шаруашылық құрылымында 65 мың гектарға жуық егінжай алқабы мен жайылымдық жерлер бар. Астық егіп, өнім алуға машықтанған шаруашылық, жергілікті дүкендерді де нан, бөлкелерімен қамтып келеді. 

ВАСИЛИЙ  БОНДАРЕВ "РОДНИКИ" АҚ ДИРЕКТОРЫ

Нан шығаруды ұлғайтамыз. Дүкендермен келісім-шартқа отыруды ойластырып жатырмыз. Біз нан бағасының арзан болуына, ал сапасы тұтынушының көңіліне жағатындай етіп шығаруға әрқашан тырысамыз. 

Облыс әкімі, Родниковка ауылындағы жергілікті мектепте де болды. Оқу орнының көптен бері жөндеу көрмегені байқалып тұрды. Қабырғалары мен төбелеріне сызат түскен. Білім ұясының жөндеуді талап ететіні, облыс басшысының жергілікті тұрғындармен кездесуі барысында айтылды.   

Кезесу барысында, ауылдықтар малға жайлы жайылым жерлердің көп бөлігі ірі шаруашылықтардың еншісінде кеткенін айтып, қарапайым тұрғындардың төрттүлігі үшін мал өрісі тарылғанын жеткізді.

Бұл мәселе бойынша облыс әкімі "Родники" АҚ басшысынан жауап талап етті. Егін егілген маусымдық кезеңнен басқа уақытта малдың жайылуына ешқандай шектеуболмайды деп уәдесін берді. Әлеуметтік нысандарға қатысты мәселе, Саржансай ауылында да кездесті. Мектептің көне екені өз алдына. Одан басқа тұрғындар ауылға клубтың қажет екенін де көлденең тартты.

Жалпы тұрғындар ауылда әлемдік дағдарыстың салқыны сезілді дейтіндей мәселе жоқтығын айтты. Оған Кеңсахара ауылында даму үрдісі жолға қойылған ауылшаруашылық құрылымдары дәлел. Облыс басшысы оны да барып көрді. Мәселен, "Рид Агро" серіктестігі, бүгінгі күнге дейін иелігіндегі ірі қаралардың санын 300 басқа жеткізген. Бүгінде суармалы жерлерді кеңейту туралы жаңа жоба әзірлеп жатыр. Ал тұрғындар Кеңсахараға да  клуб пен балабақша қажет екенін айтып қалды. Облыс әкімі барлық сұрақтарға жауап берді. Және қазір аудандағы көлік жолдарын қардан аршуға атсалысу керек деп тапсырды. "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалында өткен кездесуде де бірқатар өзекті сұрақтарды көтерді. Облыс басшысы, Мәртөк ауданына барған жұмыс сапарын Қаратоғай ауылында аяқтады. Бұл жерде де әлеуметтік нысандар облыс әкімінің назарынан тыс қалмады. Қаратоғайлықтар көкейкесті мәселелерімен бөлісті.