Облыс әкімі Б. Сапарбаев кеңейтілген мәжіліс өткізді

You are here

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру, өңірге инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті дамыту, құрылыс саласының қарқыны, жалпы мемлекеттік бағдарламалардың орындалу көрсеткіштері төмен. Бұл туралы облыс басшысының төрағалығымен өткен кеңейтілген мәжіліс барысында белгілі болды.  Облыс әкімінің орынбасарларының және бірқатар аудан әкімдерінің баяндамаларын тыңдаған соң, Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісі биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында жасалған жұмыстарды қорытындылауға бағытталды. Әлемдік экономикадағы дағдарыс жағдайы елге, оның ішінде біздің өңірге де әсерін тигізбей қоймайды. Бұл ретте  экономиканы әртараптандыру, өңірге инвестиция тарту, шағын және орта бизнестің мүмкіндіктерін арттыру басты мақсат болмақ. Жиын барысында облыс әкімінің орынбасарлары жасалған жұмыстарды баяндады. Бірақ, жұмыс мардымсыз, көп сала тұралап, көп іс кенжелеп қалғанын айтқан облыс әкімі жауапты тұлғаларды сынға алды. Ол азық-түлік белдеуін қалыптастыру үшін өңірде ауыл шаруашылығын ілгерілету керек деді. мұнайға тәуелділіктен арылып, облыстың зор мүмкіндіктерін пайдаға жарату керек.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ал облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметовтің мәліметі бойынша, Әйтеке би, Мұғалжар, Қарғалы, шалқар, Хромтау, Темір және Байғанин аудандарында өнеркәсіп саласы тұралап тұр. Ол осы ретте өнім экспорттау мәселесін алға қойды.

АСҚАР БИАХМЕТОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Өнім экспортымен айналысу үшін алдымен өндіріс секторы өзімізді толық қамтамасыз ететін жағдайға жетуі керек. Облыс әкімі бұл ретте өңірге инвестиция тарту мәселесіне тоқталды. Ол күні бүгінге дейін шетелдік компаниялармен, ірі өндіріс ошақтарымен тұрған шарттардың бәрінің де мақсаты экономиканың дамуына қолдау көрсету, бірақ, инвесторлармен жұмыс кенжелеп қалды деп сынады.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс басшысы орынбасарларын да , аудан, ауыл әкімдірін де жұмысты ширату керек сынады. Ол әсіресе, бір кездері түгі тартса, майы шығатын құнарлы жерлерді пайдаланып, егістік алқабын көбейтуге назар аударды. қазір облыстағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1 млн. гектар жердің тек 530-560 гектарына ғана дән себіледі. Бұл өте аз. Бердібек сапарбаев  орынбасары Мұхтар Жұмағазиевке мәселені төтесінен қойды. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

МҰХТАР ЖҰМАҒАЗИЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мұхтар Жұмағазиев ет бағытындағы ірі кәсіпорындарға мемлекеттен субсидия бөлінгені тілге тиек етіп, болашақтағы жоспарларымен баяндауға тырысты. 

МҰХТАР ЖҰМАҒАЗИЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Мал басының саны мен сапасын арттыру да облыс әкімі қойып отырған басты талап. Бір кездері төрт түлігін тең өргізген ауылдардың тірлігін жандандыру керек. Ауыл тұрғындары ет пен сүтті, бау-бақша өнімдерін сырттан сатып алуға тиісті емес. Қайта облыстың азық-түлік белдеуін қалыптастыратын мүмкіндікке ие болуы қажет. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Сөз соңында Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қаланы, аудандардың орталықтарын, ауыл-аймақты санитарлық тазалауға мән беруді талап етті. Ағаш көшеттерін отырғызу ісінде көзбояушылық, салдыр-салақтық болмауы керек. Абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына жастарды тарту қажет.

 

 

 

Қосылды: 
20.04.2016 - 17:26
Соңғы өзгерiстер: 
07.09.2016 - 17:29

Жаңалықтар таспасы