Облыс әкімі Б. Сапарбаев Ресей Елшісімен Михаил Бочарниковпен кездесті

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарниковпен кездесті. Кездесу барысында, екі ел арасындағы қарым-қатыныстың дамуы және алдағы уақытта атқарылатын бірлескен жұмыстар туралы айтылд. Ақтөбе өңірі көрші Орынбор облысымен экономикалық және сауда саттық байланысын нығайтты. Бүгінде біздің аймақта, 300-ден аса Қазақстан және Ресейлік бірлескен ұйымдар жұмыс істейді. Оның ішінде, "Орыс мыс компаниясы" мен "Югрусс компаниясының" үлесі басым. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев, елшіге Ақтөбе өңірінде өндірілетін ауылшаруашылық өнімдерін алдағы уақытта Ресейге экспорттау туралы да жоспардың барын айтты. Оның ішінде ет, сүт өнімдері, көкөніс түрлеріне басымдық берілмек. Кездесу барысында, мамыр айында өтетін аймақаралық  форум жөнінде де талқыланды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қазіргі уақыттағы экономикалық қиындықтарға қарамастан, біздің өңірдің Ресей облыстарымен тауар айналымы өсіп келеді. Былтырғы көрсеткіш 900 млн АҚШ долларын құрады. Ақтөбе облысында жұмыс істейтін бірлескен ірі компаниялар, Ел Президентінің әлеуметтік жауапкершілікті сақтау туралы тапсырмасын орындап келеді. Яғни, жұмыс орындарын қысқартпай, жұмысшылар алдындағы еңбекақысын өтеуде. 

МИХАИЛ  БОЧАРНИКОВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РФ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ

Көршілес облыстардың арасындағы қарым-қатынастың дамуы, қуанышты жағдай. Бұл тұтастай алғанда, екі елдің байланысын одан әрі артуына зор септігін тигізеді. Сондай-ақ, биылғы аймақаралық форумның Астанада өтуі үлкен маңызға ие деп есептеймін. 

 

Қосылды: 
13.04.2016 - 14:47
Соңғы өзгерiстер: 
19.09.2016 - 17:17