Облыс әкімі жолдардың құрылыс барысы мен ұзақ салынып жатқан нысандарды тексерді

16 маусым, сенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласын қызмет бабымен аралап шығып, ұзақ салынып жатқан проблемалық нысандармен және инфрақұрылымдық жобалардың құрылысымен танысты.

Атап айтқанда, өңір басшысы Бөкенбай батыр көшесіндегі қонақ үй кешенінің құрылыс қарқынын тексерді. Екі жылдан астам уақыт бойы тоқтап тұрған нысан тамыз айының аяғына қарай пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Жолдың арғы жағында аяқталмаған өзге нысан – көпфункционалды тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр.

Облыс орталығында ұзақ уақыт бойы салынып жатқан барлығы 23 нысан мен игерілмеген бес жер телімі бар. Өңір басшысы жұмыс тобына аталмыш сұрақты ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

- Әрбір нысан үшін арнайы пайдалануға тапсыру мерзімі бар жеке құрылыс кестесі қажет. Өз міндеттерін орындамай, кестені сақтамағандарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қолдану керек. Ғимаратты тек салып қана қоймай, оларға іргелес жатқан аумақтарды абаттандыра отыра қалалықтар үшін қолайлы жағдай жасау керек. Сонымен қатар, орталық көшелердің алдыңғы жағында орналасқан нысандар қаламыздың сәулеттік көрінісіне сай болуы тиіс », - деп атап өтті ол.

Әрі қарай Бердібек Сапарбаев М.Мәметова көшесі бойындағы автокөлік жолының күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жобамен жолдың 4 –тен 6 жолаққа дейін болатын 21 метрге дейінгі жүретін бөлігін кеңейту, ені әрбір жағынан 3 метр болатын жаяужол мен велосипедпен жүретін жол салу, нөсер кәрізі мен автобус аялдамаларын абаттандыру қарастырылған. Көшедегі көлік қозғалысын бір аптадан соң іске қосу жоспарлануда. Мұнда өңір басшысы Сазды өзені арқылы өтетін көпірдің құрылыс жұмыстарын қарап шықты.

Сондай-ақ облыс әкімі «Төргенев көшесінен Ғ.Жұбанова атындағы көшеге дейінгі автокөлік жолын ұзартудың реконструкциясы» жобасының жүзеге асырылуын тексерді. Аталмыш жобамен екі айналма жолайрық пен жарықтандырылған тоннель салу қарастырылған. Автокөлік қозғалысының қолданыстағы кестесі Төргенев пен Молдағұлова көшелерінің қиылысындағы «бесінші» өтпежолға көтерілген кезде әуесқой автокөлік жүргізушілері үшін белгілі бір апатты жағдай мен қолайсыздықтар туғызады. Аталмыш жобаны жүзеге асыру Төргенев көшесінен келетін көліктер легін айналма жол арқылы тоннельге қарай жіберіп, өтпежолға шығарады.

Сондай-ақ, Төргенев көшесі Молдағұлова және Жұбанова көшелерін қосады. Жалпы, жаңа көлік жолайрығы облыс орталығының орталық көшелеріндегі трафикті айтарлықтай жеңілдетеді. Бердібек Сапарбаев жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен жобаларды жүзеге асыру мерзімін сақтауға ерекше назар аударды.

Бұдан басқа, өңір басшысы Тұңғыш Президент атындағы саябаққа жақын орналасқан аквапарктің құрылыс барысын тексерді. Жобамен үш ашық бассейн, аттракциондар, су төбешіктері, жағажай аймағы мен тағы басқалар қарастырылған.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі