Облыс әкімі индустриалды аймақта болды

You are here

Индустриалды аймақ толыққанды жұмыс жасау керек. Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев индустриалды аймақта болды. Алдымен облыс басшысы индустриалды аумақты аралап шықты. Кездесуге  инвесторлар,  бизнес қауымдастық өкілдері және департамент, басқарма басшылары қатысты.  Басқосу барысында Ақтөбе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы баяндама жасап, атқарылып жатқан істер мен алдағы жұмыс жоспарына тоқталды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі Б.Сапарбаев индустриалды аймақтың қызметін тез арада жандандырып, инвесторлармен жұмысты күшейту керктігін қадап айтты. Ақтөбе әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Қайрат Бекеновтың айтуынша, корпорация жыл соңына дейін  кіріс көздерін ұлғайтып,  түсім әкелетін  деңгейге жетеді.  Ал 2018-ші жылы корпорация облыс бюджетінен  тек 30 пайыз  ғана ала алады. Түркия, Қытай елдерінде болған корпорация өкілдері ол жақтың кәсіпкерлеріне  Ақтөбе өңірінің инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтып, келіссөздер жүргізді. Индустриалды аймақта мамыр айынан бастап бірнеше жоба құрылысы басталмақшы. Облыс әкімі аймақаралық  кооперацияны әлі де  нығайту керектігін тағы еске салды. Облыс орталығында бос тұрған бірнеше қойма бар, соларды тиімді пайдалану керек деді Бердібек Сапарбаев. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы  экономиканың басқа салаларында да бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ұмтылу қерек. Баға тұрақтылығы,  әлеуметтік дүкендер санын көбейту, сайт жұмысын жандандыру  секілді  нақты тапсырмалар жүктелді.  Қала әкіміне  Табыс базарына қарай  қосымша автобус бағыттарын қарастыруды тапсырды. Облыс әкімі жаңа нысандар құрылысын  жүргізу үшін  жер телімдерін бөлуді тапсырды.  Жиын соңында түрік инвесторларымен екіжақты меморандумға қол қойылды.

 

Жаңалықтар таспасы