Облыс әкімі Ирандық кәсіпкермен кездесті

You are here

Қазақстан мен Иранның біріккен "Агро Ай групп" серіктестігі Ақтөбеде мал өсіріп, көкөніс егуге ниетті. Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев инвестор болуға ықтимал кәсіпорын өкілдерінің ұсыныстарын тыңдап, бірлесе жұмыс жасаудың жай-жапсарын пысықтады. Ол екі ел арасындағы байланыстардың нығайғаны біздің облыс үшін де үлкен пайда деді. {СНХ}

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ирандықтар тоғыз жолдың торабындағы Ақтөбе өңірінде 40 гектар аумаққа жылыжай салып, 500 мың бас қой мен 10 мың бас сиыр өсіруге талаптанып отыр. Дайын өнімді, атап айтқанда көкөністі Ресейге экспорттауға келісім жасалмақ. Ал, ет өнімдерін қазірдің өзінде Иранның қорғаныс министрлігі алдын ала төлем арқылы сатып алуға дайын. Облыс басшысы бүгінгі кездесуде ирандық кәсіпкерге облыс әкімдігі тарапынан жаң-жақты қолдау көрсетілетіндігін атап өтті. Инвестициялық климаты тартымды саналатын Ақтөбе облысында жайылым мен шабындық жеткілікті және энергоресурстар бағасы басқа аймақтардан төмен. Өңірдің басты артықшылығы - тоғыз жолдың торабында орналасқандығы, - деді облыс әкімі.

Жаңалықтар таспасы