Облыс әкімі мәдениет қызметкерлерімен кездесті

You are here

Облыс әкімі  Бердібек Сапарбаев Ғазиза Жұбанова атындағы филармонияда мәдениет қызметкерлерімен кездесті. Жиын барысында өңір басшысы Елбасының қатысуымен Қоныс спорт сарайында өткен жастық жігер еңбек форумына үлес қосқандары үшін алғысын жеткізді. Сондай-ақ, облыс әкімі  Ақтөбе облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы болып тағайындалған Қанат Айтбаевты таныстырды. Мәдениетке келген жаңа басшының алдына Бердібек Сапарбаев жаңа міндеттер қойды. Соның ең бастысы- ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шараларды тиісті деңгейде өткізу. Сондай-ақ, мәдени нысандардың белсенділігін арттыру, облыс аумағында ауқымды іс-шаралар өткізуді тапсырды. Көпшілікке танымал сазгер, әнші Қанат Айтбаев Ақтөбе мемлекеттік университетінің түлегі. Ол мәдениет саласының дамуына үлес қосып келеді. Әр жылдары Ақтөбедегі “Достық” үйінде, Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармонияда басшылық қызметтер атқарды.

 

Қосылды: 
11.03.2016 - 10:50
Соңғы өзгерiстер: 
06.09.2016 - 11:21

Жаңалықтар таспасы