Облыс әкімі су қоймаларын аралады

You are here

Ақтөбе облысы өңір көктемгі су тасқынына тыңғылықты дайындалған. Апатты жағдайдың алдын алу үшін қажетті құрал-жабдықтар мен арнайы техникалар да жеткілікті. Қатаң бақылауға алынған мәселені бүгін облыс әкімі тағы бір пысықтады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жол бойындағы су жүретін арықтар мен су қоймаларын барып көрді.

Қазір облыста су тасқыны қаупі сейілген жоқ. Өйткені, облыстың оңтүстігінен солтүстігіне қарай орналасқан аудандарындағы қардың қалыңдығы 5-87 см шамасында. Ал Мәртөк, Хромтау, Қарғалы, Әйтеке би және Ақтөбе қаласында әлі де қар бар.

БАУЫРЖАН  СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Биыл ақпан айынан бастап су тасқынына қарсы шаралар, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Алайда, облыстық төтенше жағдайлар департаменті өткен жылдың күз маусымынан бері жол маңындағы құбырлар, арықтар тазартылып, су қоймаларының ахуалы бақылауда дейді.

БАУЫРЖАН  СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

«Қазводхоз» ақтөбе филиалының басшылары айтқандай, қазіргі басты жұмыс - төтенше жағдайды болдырмау үшін, бөгеттер арқылы қар суын жіберу болып отыр. Айтып өтерлігі, бүгінде біздің өңірде 159 бөгет бар, оның ішінде 13-і ірі бөгеттер. Бесеуі республикалық меншікте. Ал Ақтөбе, Қарғалы және Сазды су қоймалары - ірі су қоймаларына жатады. Екі бөгет Ырғыз ауданында. 

БЕКЗАТ  НАМЕТОВ, «КАЗВОДХОЗ» РМК АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бүгінде барлық бөгеттерге тәулік бойы кезекшілік қойылған. Қазір жерасты көтермелі құрылғылардың жұмысы  мен  су тораптарының электр жабдықтары тексерілуде. Жанар-жағар майдың қажетті қоры жасақталып, қосымша дизельді электрстанциялары әзірленді. Осы жұмыстар бойынша облыс әкімі жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. 

 

Жаңалықтар таспасы