Облыс әкімі шетелдік сарапшылармен кездесті

Сондай-ақ, облыс әкімі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бәсекелестікке бейімдеу жөніндегі еуразиялық бағдарламасының басшысы Антонио Соммамен кездесті. Тараптар кездесуде ұйым сарапшылары жасаған кеңестерді талап ететін сұрақтарды талқылады. Сонымен қатар аталған даму ұйымы мен Ақтөбе облысы арасындағы ынтымақтастық жайын сөз етті. Оның басым бөлігі жер қатынастарын реттеу, салық айналымы,  инвестиция тарту мен ақылды үйлерді іске қосудағы халықаралық тәжірибені пайдалану.

                 БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Біз сіздердің ұйымдарыңыздың қандай қызмет атқаратынын білеміз. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы - бұл өкілдік демократияның қағидалары мен еркін нарықтық экономикасы бар дамыған елдердің халықаралық мемлекетаралық ұйым. Бүгінгі кездесуімізде, Ақтөбе облысының осы ұйым бағдарламасының екінші кезеңіне енуі, яғни біздің кейбір мәселелеріміздің халықаралық сарапшылармен шешілуін қалаймыз. Ең бастысы, бұл облыстың әлеуетін одан әрі қарай арттырады деген ойдамын

Сарапшылар өз кезегінде облыстың мүмкіндіктері көп екендігін айта келе,  Ақтөбенің бәсекеге қабілетті боларына сенім білдірді. Айтып өтейік,  Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бәсекелестікке бейімдеу жөніндегі еуразиялық бағдарламасы Атырау, Қызылорда және Шығыс қазақстан облысында сәтті жүзеге асырылуда. Егер бұл бағдарламасының екінші кезеңіне Ақтөбе өңіріне енетін болса, өзге де мемлекеттердің тәжірбиесіне сүйеніп, ортақ мәселелерді шешудегі амалдарды бірге іздейді, келісілген ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асырады.

 

Қосылды: 
21.04.2016 - 17:47
Соңғы өзгерiстер: 
08.09.2016 - 09:46