Ойыл ауданының әкімі ауысты

3 мамыр, бейсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ойыл ауданының активіне жаңа басшыны таныстырды.

Оған ҚР Президенті әкімшілігі мен аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Дастан Сағыров тағайындалды.

Дастан Сағыров 1975  жылы Шалқар ауданында туған. «Қайнар» университетін «заңгер», «Алматы экономика жəне статистика институтын» «қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Алға ауданы әкімінің аппаратында бас маман қызметінен бастаған.

Əр түрлі жылдары Алға ауданы əкімінің аппаратында, Ақтөбе қалалық салық инспекциясында, Ақтөбе қаласындағы ІІД-де, облыс əкімінің аппаратында, Мұғалжар ауданы əкімінің аппаратының басшысы қызметін атқарды.         

2013 жылдың шілде айынан бастап осы күнге дейін Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

Бердібек Сапарбаев бұрынғы әкім Бұлбұл Күзембаеваға атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, Ақтөбе облысының білім саласын бақылау департаментінің басшысы лауазымында жаңа табыстар тіледі.
Облыс басшысы ауданның жаңа әкімінің алдына әлеуметтік-экономикалық даму және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін бірқатар міндеттер қойды. 

- Ойыл ауданының өз ерекшеліктері мен өз қиындығы бар. Мұнда шаршауды ұмытып, білек сыбана  жұмыс істеу керек. Бұлбұл Бисембайқызы әкім қызметінде өз жұмысын жақсы атқарды, Сіздер ол жасаған деңгейді ұстап, ауданның әрі қарайғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге тиіссіздер, - деді облыс басшысы.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі