Ораза айт Қазақстандықтарды біріктіру түсетін ынтымақ мейрамы

You are here

Ораза айт қазақстандықтарды біріктіре түсетін ынтымақ мейрамы. Бүгін күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы Ораза айтқа ақтөбеліктер айырықша мән берді. Айт намазы таңертең "Нұрғасыр" орталық мешітінде өтті. Ал айт намазынан кейін мешітке келгендер үшін алаңда спорттық шаралар ұйымдастырылып, дастархан жайылды.

Таң сәріден айт намазына тұрған жамағат Рамазан айында төзім танытып, ораза тұтқан еді. Бұл қасиетті айдың аяқталғанын білдіреді. Айт намазы облыстың барлық мешіттерінде оқылды. Ақтөбеліктерді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтады.  Ол өз сөзінде біздің ұлтымыз ежелгі дүниеден ислам дінін салт-дәстүрмен бірге ұстанып келе жатқанын. Екеуі бірінен бірі ажырағысыз құндылықтар екенін айтты. Ол биылғы жыл қазақ халқы үшін ерекше қасиетті деп тоқталды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Айта кету керек, биыл ораза айтты ақтөбеліктер ерекше қарсы алды. Кәсіпкерлер орталық мешіт алаңына 7 шатыр және 7 киіз үй тікті. Мешітке келген әр адам ұлттық тағамдардан дәм татты. Қонақтар үшін 1 тонна бауырсақ, көже мен шұбат әзірленді. Сондай-ақ ұлтық ойын түрлерінен қызықты жарыстар ұйымдастырылып, оған қатысқандар, жеңімпаздар  бағалы сыйлықтарға ие болды. Арқан тарту, гір көтеру, қол күрес, тоғыз құмалақ, балалар арасында  қазақша күрес алаңдаға тұрғындарды көп жинады. Ал нағыз білекті жігіттер қошқар көтеріп, күш сынасты.

АРЫСТАНБЕК  ҚАЛИХАН, НҰРБОЛАТ  АМАНИЯЗОВ

Қала тұрғындары үшін бұл мейрам ерекше ұнады. Ораза айттың құрметіне мұндай шара бірінші рет ұйымдастырылғанын айтқан көпшліік діннің достықпен, бейбітшілікпен үндес екенін сездік десті.

Ораза айт бірліктің мейрамы болғандықтан, дәстүрге сәйкес, мұсылман қайымы бір-біріне сый-сияпат жасап, көршілерге қонақ асын береді, туған-туыс бір дастархан басына жиналады. Енді тұрғындар 70 күннен кейін келетін ұлық мейрам Құрбан айтты да осылай қарсы алсақ десті. 

 

 

 

Жаңалықтар таспасы