Оңтүстік Корея дәрігерлері Ақтөбелік әріптестермен бірлескен меморандумға қол қойылды

Өткен демалыс күндері облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Оңтүстік Кореяның әлемге танымал Кангнам Северанс госпиталінің дәрігерлерімен кездесті. Бұл кездесу қорытындысында ақтөбелік дәрігерлер оңтүстік кореялық әріптестерімен бірлесіп жұмыс істеу туралы меморандумға қол қойды.

Алдағы уақытта ақтөбелік және оңтүстік кореялық медицина қызметкерлері бірлесе жұмыс істейтін болады. Сенбі күні Кореялық "Кангнам Северанс" клиникасы мен Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы және Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің арасында ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды. Шараға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Келісім, медицинаға қажетті жаңа технологияларды әкелу, ақтөбелік мамандарды оқыту, шеберлік класстарын өткізу мен қауіпті дерттерді бірлесе емдеуді көздейді.    

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ақтөбе облысы, мұнай газ өңірі. Климаты да құрғақ. Бұның барлығы адам денсаулығына әсер етпей қоймайды. Бізде жүрек-қан тамырлары аурулары, тыныс жолдары, онкологиялық аурулар және туберкулез дерті бойынша өсім бар. Осы қауіпті дерттерді емдеу бойынша сіздермен қарым-қатынас орнатсақ дейміз. 

Оңтүстік Кореялық "Кангнам Северанс" клиникасы, бүкіл әлемге танымал медициналық мекеме. Емхана, жылына 400 мың адамға қызмет көрсетіп, ондаған мың ота жасайды. Жоғары білікті мамандары ұйымның атын дүниежүзіне әйгілі еткен. Ал, біздің елде Астана, Алматы қалаларымен Шығыс Қазақстан облыстарымен тығыз байланыс орнатқан. Ақтөбе төртінші аймақ болмақ. 

КИМ ХЕН ДЖУНГ, "КАНГНАМ СЕВЕРАНС" ЕМХАНАСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ

Ақтөбеге келместен бұрын, келіссөздердің жасалды. Сондықтан да, бірден түсіністік табатынымызға ешқандай күман болған жоқ. Кешелі бүгін бірнеше ауруханалар мен емханаларда болдық. тым жақсы. Бірақ, ондағы қызметтерді жетілдіру керек деп ойлаймын. Біз өз кезегімізде меморандумда көрсетілген міндеттерден өзге, медициналық университет пен медициналық мекемелерді халықаралық аккредиттеуден өткізуге көмектесетін боламыз.

Қазір екі жақ жұмыс тобын құруға келісті. Ол, негізінен нақты істер бойынша жұмыстар атқаратын болады. Ал, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сапалы қызмет көрсететін кореялық емхананы Ақтөбе ашу қажеттілігі туындаса, облыс әкімшілігі тарапынан қолдау болатынын атап өтті.

 

Қосылды: 
21.12.2015 - 10:49
Соңғы өзгерiстер: 
31.08.2016 - 12:18