Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары басталды

You are here

Облыс әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен 2016 жылдың бірінші жарты жылдығын қорытындылауға қатысты кеңейтілген мәжіліс өтті. Оған Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері және мемлекеттік органдар, департамент басшылары, бизнес өкілдері  қатысты. Ақтөбе облысының Жерді пайдалану және қорғау басқармасы жұмысының қорытындысын Нұрлан Наурызбаев баяндады.Оның айтуынша жылдың басынан бері 368 мың гектар аумаққа 381 тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде жер заңнамасының 272 заңбұзушылығы анықталған. 162 заңбұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Қазір 20 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған. Бірақ, ұзақ жылдар пайдалынмай азып-тозып жатқан жерлерді мемлекетке қайтару жұмысы осы күнге дейін тиісті деңгейде жасалмаған. Бұған жауапты Нұрлан Наурызбаевты "Жұмыс мардымсыз" деп сынады облыс әкімі.

БЕРДІБЕК  САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Дәл осындай жұмыс коммерциялық нысандардың құрылысына берілген жерлерге қатысты да жасалуы керек. Ақтөбе қаласы мен аудандарда орналасқан 178 жер пайдаланушы субъектілерінің 122-сі тексеріліп, 110 құқықбұзушылық дәлелденді. Облыс орталығының өзінде 77 кәсіпкерге қатысты заңбұзушылық анықталды. Кәсіпкерлерден 5 жер телімі қайтарып алынған. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық маңызы бар дәліз бойында орналасқан кемпингтер мен жанармай құю бекеттерін салу үшін берілген жер телімдерін  пайдаланбай отырған компаниялар туралы 12 дерек бар. Енді ол жерлер мемлекет меншігіне өтуі керек.

БЕРДІБЕК  САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жиын соңында Бердібек Сапарбаев Нұрлан Наурызбаевты қызметтік міндетінен босату туралы бұйрық берді.

Жаңалықтар таспасы