Партияластары қоғам қайраткерін мерейтойымен құттықтады

You are here

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының Саяси Кеңесінің бюросы өтті. Шара барысында нұротандықтар партияның ақтөбе облықтық филиалының бюро мүшесі, партияның өңірдегі белсенді мүшесі Келдібай Еспамағамбетұлын 70 жас мерейтойымен құттықтады. Бас партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің жолдаған құттықтау хатын Бердібек Сапарбаев оқып табыстап, ардагерді өз атынан да құттықтады. Бұл салтанатты рәсімге Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген парламент мәжілісінің депутаты Асылбек Смағұлов та қатысып, қоғамның дамуына, ел тәуелсіздігінің тұғырының берік болуы жолында өлшеусіз еңбек еткен Келдібай Еспағамбетұлына алғыс айтты. Ал мерейтой иесінің әріптестері бірге жұмыс жасаған жылдардың жемісті сәттерін еске алд. Бәрі де партия ардагерінің жоғары жауапкершілігін, елжандылығын айтысты. Келдібай Еспағамбетұлының қазақстандық патриотизмді дамытудағы орны айырықша десті олар.

Қосылды: 
22.07.2016 - 11:27
Соңғы өзгерiстер: 
21.09.2016 - 14:43

Жаңалықтар таспасы