Президент Н. Назарбаев Жастық, Жігер, Еңбек республикалық жастар форумына қатысты

You are here

Ақтөбеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Жастық, Жігер, Еңбек" деп аталатын республикалық жастар форумы өтті. Қоныс спорт сарайына еліміздің барлық өңірінен  жиналған үш мыңдай жас өрен мемлекет басшысының сөзін тыңдап, ел болашағына байланысты өз ойларын айтты. "Гүлдене бер, Туған ел" жалпыұлттық марафон-эстафетасы Ақтөбе жерінен бастау алды. Бұл туралы форум аясында ел жастары үндеу жариялады.

Қоныс спорт сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты жастар асқан қошеметпен қарсы алды. Дарынды, өзіне сенімді, арманшыл жастар өз болашақтарын Елбасының сарабдал саясатымен байланыстырады. Әрине, тәуелсіздік жылдары Президент бастамашы болған оңды істерді бірер минутта айту мүмкін емес. Алайда, бәсекеге қабілетті ұрпақтың қалыптасуына мемлекет басшысының қосқан үлесі өлшеусіз. Тек Болашақ бағдарламасы тағайындалғалы бергі 22 жылда 11 мыңнан аса жастар алыс-жақын шетелдерде білім алған. Ал, президенттің өзі форум қатысушылары алдында болашаққа нық қадам басудың сара жолын көрсетті.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ

Елбасы жас достарына елдің кешегісі мен бүгінгісі, жастарға сеніп тапсырылатын болашағы туралы кемелді ойларын айтты. Қазіргі жастардың қасық қаны қалғанша елін қорғайтын азамат боларына сенім білдірді. Ата бабалардың аманаты арқылы қанатын жайған Қазақстанның әлемдегі беделі өте жоғары. Сондықтан, ертеңіміз қазақ, орыс және ағылшын тілін жетік білетін кәсіби мамандар, деді мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Әбішұлы жұмыспен қамту 2020 және бизнестің жол картасы, дипломмен ауылға, жасыл ел бағдарламаларымен 500 мың жастың қамтылғандығын, ал, қолжетімді баспана бағдарламасы бойынша 3,5 мың жас маман баспаналы болғандығын атап өтті. Елбасы өз сөзінде қай салада болмасын, кәсіби білікті маман болу керектігін қадап айтты. 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ

Ел тәуелсіздік алғалы жасыл ел жасақтарының күшімен 50 миллион түп ағаш отырғызылған. Олардың жалпы аумағы 115 мың гектарға жуықтайды. Бас қаламыз Астананың айналасында отырғызылған 70 мың гектарлық жасыл белдеудің салынуына да жастардың қосқан үлесі зор. Бұл аумақтар еуропаның ортанқол елінің аумағына пара пар. Жастардың бұл еңбегін Елбасы ерлікке теңеді. Президент еңбекте алға шыққан қазақстандықтардың білім, ғылым, мәдениет пен спорт саласында да оза шабарына сенім білдірді. Ал, Ақтөбедегі форумға сонау шығыс қазақстан облысынан келген Жұлдыз Жетпісова өзінің жетістігін, елдегі береке мен Елбасының қамқорлығымен байланыстырды.

ЖҰЛДЫЗ ЖЕТПІСОВА, "АҚБОТА" БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ (ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ)

АРНҰР МӘДЕНОВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ (АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ)

Тәуелсіздіктің ширек ғасырында бас қосқан жастардың үні бір жерден шықты. Теміртаудан келген жас металлург Игор Михайликов жас мамандарға қамқорлықты, олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов тәуелсіздік жылдары еліміздің спортшылары олимпиаданың 64 медальін еншілеп, Қазақстанның атын асқақтатқандығын, Астанадағы армян этно-мәдени бірлестігінің өкілі Альбина Оганесян Елбасыға жүрекжарды тілектерін айтып, жаңа әлемдегі жаңа қазақстаннның бүгінгі құдіреті ел бірлігі мен ұлттар татулығы екендігін мақтанышпен жеткізді. Ақтөбенің жас ақындары елі сүйген, елін сүйген Елбасыға арнап өлеңдерін оқыды. Әрине, елімізден барлық өңірінен жиналған жастардың алдында эстрада әншілері де өнер көрсетті. Олардың қатарындағы халықаралық байқаулардың жеңімпазы Димаш Құдайбергенов сахнаның сәнін келтірді.  

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВТІҢ, ӘНІ

"Жастық. Жігер. Еңбек. " аталған республикалық жастар форумының соңы қазақ жастарының "Гүлдене бер, Туған ел" жалпыұлттық марафон-эстафетасын бастау туралы үндеуіне ұласты.

Елбасы өз сөзінде еліміздегі жастар саясатының мән мағынасына да тоқталған болатын. Болашақтың жастары жоғары білімді, үштілді толық меңгерген, белсенді, анқты азаматтық позициясы бар, ойы ұшқыр идеяларға бай азамат деген атқа сай болуы тиіс. Демек, тың идеяларымен қанаттанған бүгінгі жастардың алдағы парламент және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауында дұрыс таңдау жасауына сенім мол. Өйткені, бүгін Жастықтың жалыны, Жігердің лебі,  Еңбектің мәні сезілді. Бұл - ел тәуелсіздігің жемісі. 

 

 

Жаңалықтар таспасы