Пресс -релиз

Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлердің құрылыс барысымен танысып, жедел араласуды қажет ететін қандай мəселелерді шешу керектігін анықтады.

Өңір басшысы тасқыннан зардап шеккендерге 70 жер телімі бөлінген қала сыртындағы Сазды жəне Қурайлы ауылдарында болды.

Бердібек Сапарбаев құрылыс алаңдарын қарап шыққан соң жаңа құрылыстардың тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етілуіне қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

- Газ, су мен жарық ешкімді қалдырмай барлық учаскеге кіргізілетін болады. Басты міндет - үйлердің құрылысын қазан айының ортасынан кешіктірмей аяқтау. Қазақтар əрқашан бір біріне көмектескен, барлық туыстары, достары "асарлатып" көмектесулері керек. Біз қажет болған жағдайда əрбір отбасыға материалдық жағдайына байланысты қосымша жəрдем беру мəселесін қарастыратын боламыз,-деп атап өтті облыс əкімі.

Өңір басшысы Ақтөбе қаласының əкімдігіне ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін газ бен суды кіргізіп беруді тапсырды.

Ақтөбе облысында барлығы 89 отбасы жер телімдерімен қамтамасыз етілді. Олар жер телімдерімен қоса 1 млн теңгенің ақшалай сертификатын алды.

"Қолғанат Ақтөбе" қорынан түскен қаражат 5 те 8 метрлік үйді салуға есептелген құрылыс материалдарын сатып алуға жəне көлік шығынына арналған.

Айта кетейік, араларында бюджеттік сала қызметкерлері, мүгедектер мен көпбалалы отбасылар бар жер телімдерін алған 9 жанұяға баспаналарының құрылысы кезінде тұру үшін шағын отбасыларға арналған жатақханадан пəтерлер бөлінген болатын.

Бұдан өзге, тасқыннан зардап шеккен 20 отбасыға пəтер кілттері табысталды. Олардың ішінде 4-еуі кейін сатып алатын жалдамалы пəтер кілтіне ие болса, 14 отбасы демеушілер мен жұмыс берушілерінің есебінен баспаналы болды.

ҰОС мүгедегіне берілетін жеңілдіктерді алушыға теңестірілген жəне бюджеттік сала қызметкері саналатын тағы екі зардап шегушіге шағын отбасыларға арналған жатақханадан пəтерлер ұсынылды.

Жергілікті билік те баспаналары жөндеуді қажет ететін азаматтарға көмектесу үшін барлық қажетті шараларды қолдануда. Сонымен, кейбір зардап шегушілердің құқық белгілеуші құжаттарының жоқтығын ескере отыра, "Қолғанат Ақтөбе" ҚҚ арқылы материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, 585 отбасыға жалпы сомасы 61,6 млн-нан астам теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

Екі отбасының үйлерін қалпына келтіру үшін қалалық мəлихат депутаттары, тағы 11 отбасыға "Кəсіби əскерилендірілген апаттан құтқару қызметі" РМК ұжымы тарапынан көмек көрсетілді. 61 отбасыға телімдерін жеке тұрғын үй құрылысына қайта рəсімдеу үшін жəрдем берілмек.

Көктемгі су тасқыны салдарынан суға кету аумағында бау-бақша ұжымдары мен қала сыртындағы үш ауылдың шетінде орналасқан барлығы 907 құрылыс болды. Тексеруден соң комиссия бастапқыда құрылыс нормаларын сақтамай жəне су қорғау аймағында салынған суға кеткен

110 құрылыс нысанын қалпына келтіруге жарамайды деп тапты. Тағы 797 саяжай жəне тұрғын үй тасқыннан соң жөндеуді қажет етеді.

Тасқыннан зардап шеккен отбасылардың мəселесін шешу үшін "Қолқанат Ақтөбе" қоғамдық қоры құрылып, 168 миллион теңге көлемінде қаражат түсті.

Су тасқынынан зардап шеккендердің мəселелерін шешу сұрағы ешбір отбасының назардан тыс қалмайтынына уəде еткен облыс əкімінің үнемі бақылауында.

 

Облыс əкімінің баспасөз қызметі