Рельс Арқалық зауытының мүмкіндіктері

You are here

Инвест форум аясында облыс әкімі Б.Сапарбаев пен Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг рельс арқалық зауытын аралады. Кездесу кезінде облыс ресейлік қонақтарға рельс шығару технологиясының  ерекшеліктері, зауыттың  өндірістік бағдарламасы, жаңа металл өнімі, тұтыну динамикасының өсімі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Юрий Берг бұған дейін зауыт құрылысының бастапқы кезеңінде бірнеше рет болған. Зауыттың бүгінгі көрінісі,  мүмкіндіктері таң қалдырды.

Ақтөбедегі рельс-арқалық  сияқты алып зауыт әлемде санаулы. Релсьті шығару технологиясы бойынша үздік бестікке  енеді. Рельс арқалық зауыты жобасы индустриаландыру картасына енгізлді. зауыт шығаратын 120-метрлік жоғары ұзындықты рельстердің ТМД аймағында баламасы жоқ және олар жоғары жылдамдықты магистральдарға арналған.

ҒАБИДУЛЛА НАҒМЕТОВ, ЗАУЫТТЫҢ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ

Зауыттың қуаттылығы жылына 430 тысяч тонна өнім. 200 тонна рельс пен 200 тонна пішінді илек шығарады. қазіргі күні іске қосу жұмыстары жалғасуда. 800-дей жуық адам жұмыс жасайды. Зауыт құрылысы кезінде екі мыңдай  адам жасады.   мен сияқты жас маманға мұндай кәсіпорында жұмыс жасау өте жауапты іс. Өйткені біздің кәсіпорын  ел экономикасының дамуына үлкен үлес қосып отыр деп  санаймын.

рельс арқалық зауыты   ТМД мен алыс жақын жақын шетелдердің  компанияларымен келіссөздер жүргізіп, өнімін   экспортқа шығаруда. Алғашқы өнім осы жылдың қазанында шығарылды. Зауыт қазір  Орынбордың   металлинвест зауытымен бірлескен жоба құрды. Өнідірісте металлинвесттің шикізаты пайдаланылады. Бұған қоса  Новотройцк қаласындағы "Уральская сталь"  зауытымен де келісссөздер сәтті жүзеге асты.

НАТАЛЬЯ СТРУНЦОВА, ОРЫНБОР ОБЛЫСЫНЫҢ  САУДА ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК САЯСАТЫ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ДАМУ   МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

алған әсеріміз керемет. заманауи кәсіпорында барлығы автоматтандырылған. Мұндай  инвестициялық жобаның әлеуеті те жоғары болмақ. Мен өзім орынбор облысының инвестициялық дамуымен айналысатындықтан кәсіби тұрғыда, қарпайым адам ретінде қызуғышылық туғызды. Сөзсіз,  кәсіпорынның ел экономикасына қосатын үлесі өте жоғары. Екі ел арасындағы бірлескен жобаларымыз бар.

 

 

Жаңалықтар таспасы