Республикалық балалар шеруіне 43 мыңға жуық ақтөбелік қатысты

20 мамыр күні аймақта жалпы қазақстандық «Нұрлы болашақ» балаларға арналған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдар, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруге үндейтін сонымен қатар, балалардың құқықтарын қорғауға қоғамның назарын аударуға бағытталған акциясы басталды.

Ақтөбе облысында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған балалар мен жасөспірімдердің орындау шығармашылығын қолдау және дамыту мақсатында рухани, адамгершілік, эстетикалық тәрбие факторы ретінде балалар мен жастардың музыкалық оркестрі және ансамблінің шеруі өтті. Шеруге қатысушыларды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мерекемен құттықтады.

- Тәуелсіздік алғаннан бері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жас ұрпақтың тәрбиесіне және біліміне ерекше назар аударады. 27 жыл бойы Қазақстан сіздерге барлық жағдайды жасау үшін берік негіз қалады. 2018 жыл Ақтөбе облысында Бақытты бала жылы деп жарияланды. Аймақта бастауын алған «Бақытты бала» акциясы балалардың барлық мәселелерін шешуге және олардың жан-жақты дамуына үлес қосуға бағытталған. Жыл басынан бері 600-ге жуық іс-шара өткізілді, әлеуметтік, спорттық және мәдени нысандар салынды. Акция жалғасады және балалардың өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, бірлік пен тұрақтылық болуы тиіс, біз, елдің дамуына елеулі үлес қосатын лайықты жас ұрпақты тәрбиелеуіміз қажет, - деді Бердібек Сапарбаев парадқа қатысушыларға арнаған сөзінде.

Облыс әкімі аймақта жазғы демалыс кезінде демалуға арналған тиімді шаралар қабылданғанын атап өтті. Сонымен қатар, мүгедек балаларға ерекше назар аударылатын болады.

Осының дәлелі ретінде өңір басшысы аз қамтылған отбасылардан шыққан, мүмкіндігі шектеулі балаларға, республикалық және халықаралық олимпиадалардың, жарыстар мен байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне білім беру-сауықтыру лагерьлеріне және экскурсия жасауға жолдамалар берді. Бес бала Татарстанның көрікті жерлерімен, 100 ақтөбелік бала Өзбекстанның киелі жерлерімен танысып, 120 бала дәстүр бойынша Орынбор облысының жыл бойғы лагерінде, тағы 400 бала Шығыс Қазақстан облысының лагерьлерінде бола алады.

Осымен тосын сый бітпейді. Ойыл орта мектебінің түлегі, Burabai Summer Fest халықаралық балалар телевизиялық фестивалінің жеңімпазы Ақниет Боранбай ұлы Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің грантын алды. «Бақытты бала» акциясы аясында екінші топтағы мүгедек Инжифия Каликованың көптен бергі арманын орындауға мүмкіндік туды. Мектеп түлегі Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-не түсіп «Шет тілдері» мамандығы бойынша білім алуды армандаған.

Шеру салтанатты шарадан соң облыс орталығының басты алаңынан жүріп кетті. Айта кетейік, Ақтөбеде шеруге 7 мың адам қосылды. Олардың қатарында мүгедек балалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, оқу үздіктері, студенттер, ұстаздар бар. Облыс орталығының бас көшесімен барабаншылар, үрмелі оркестрлер мен ансамбльдер, мажореткалар, черлидерлер, хор және музыкалық аспаптардың ұжымдары жүріп өтті. Жалпы алғанда, аудандарда да ұйымдастырылған шеруге 43 мың адам қатысты.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі