Сайрам соғысының сардары Тілеу Айтұлының құрметіне ас берілді

You are here

Қазақ тарихында саналы ғұмырын ұлт тұтастығына арнап, жанын қиған батырларды қанша дәріптесек те артық болмайды. Сондай батырларымыздың бірі әйгілі Сайрам соғысына қатысып, ерлік көрсеткен - Тілеу Айтұлы. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай бүгін батыр рухына арналып ас берілді. Оған Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан келген қонақтар - ғалымдар, жазушылар қатысты. Асқа жиналғандар,  елдігімізді ұлықтау - тарихымызды түгендеуден тұратынын айтты. Толығырақ келесі бейнематериалымызда.

Тілеу Айтұлының рухына арналған ас беру рәсімі, "Қазақстан-Ақтөбе" телекомпаниясы дайындаған "Сайрам соғысының сардары - Тілеу Айтұлы" атты деректі фильммен басталды. Онда батырдың арғы ата-бабалары мен ел қорғаудағы  ерлігі туралы айтылды. Шараның шымылдығын алғы сөзбен ашқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, тарихи тұлғаларды ұмытпау әрбір ұрпақтың парызы екенін айтып, батырлардың ерлігін де дәріптеу, тәуелсіз ел азаматының басты міндеті деді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Сайрам соғысына қатысып, ерлігімен елдің аузында қалған Тілеу батырды ұрпағы еш ұмытпайды. Жау қолында қалған қаланы азат ету үшін баласы Жолдыаяқпен бірге 17 мың қол бастап барып ұрысқа түсуі, оның ел тағдырына белсене араласқанын білдіреді. Батырдың күресі - жалпы қазақ елінің, арғы бабалардан қалған атамекен жерінің бірлігі мен тұтастығын сақтау үшін ұйымдасқан қанды - қырғын соғыс болатын. Нәтижесінде, қаза елі мен жері жоңғарлардың шапқыншылық үстемдігінен, басып алып, иеленуінен аман қалды. Соңғы жылдары баба туралы тың деректер де табылып жатыр. 

ЖҰБАНАЗАР АСАНОВ, Т.АЙТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРДЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Бүгінгідей тәуелсіз елде өмір сүріп жатқан ұрпақ өкілдері, өткеннен сабақ алып, ұлтымыздың тарихи тұлғаларына құрмет көрсетіп келеді. Асқа жиналған ғалымдар мен тарихшылар, әдебиетшілер өткен кезеңдер қашанда тұлғалармен құнды сондықтанда оларға тағзым етіп, ұлықтау басты парыз деді.

ДУЛАТ ИСАБЕКОВ  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ, ЖАЗУШЫ, ДРАМАТУРГ

 

ЖОЛМЫРЗА ҚАЖЫ БЕКЕЕВ, "НҰР-ҒАСЫР" МЕШІТІНІҢ ҚЫЗМЕТШІСІ

Бүгінгі шара барысында, Тілеу батыр туралы тағы бір кітаптың тұсауы кесіліп, таратылды. Ал қазақ хандығының 550 жылдығы аясында өзінің есімі берілген көшеге, ескерткіш орнатылады.

Қосылды: 
01.10.2015 - 15:38
Соңғы өзгерiстер: 
01.09.2016 - 12:29

Жаңалықтар таспасы