Сараптама комиссиясы Ақтөбе қаласындағы барлық лифтілердің жағдайын тексереді

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша сараптама комиссиясы құрылып, ол көп қабатты ғимараттарда қызмет көрсететін лифт жабдықтарының қауіпсіздігі мен сапасына, сондай-ақ оларға қызмет көрсетумен айналысатын компанияларды кешенді тексеруді жүргізеді.

- Бізді осы қайғылы жағдай қатты қобалжытты. Бұл жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдауға тиіспіз. Қала әкімдігі прокуратура мен тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, барлық лифтілердің жұмысқа қабілеттілігін, оларды жөндеу және күтудің сапасын мүмкіндігінше тез тексеруі керек. Сондай-ақ, басқарушы компаниялардың жұмысын мамандардың қол жетімділігі мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орындауын тексеру қажет, - деп атап өтті облыс әкімі.

Комиссия құрамына тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық басқармасы, төтенше жағдайлар департаменттері, өнеркәсіптік қауіпсіздік өкілдері және басқа да сарапшылар кірді.

Құқық қорғау органдарына оқиғаның барлық жағдайларын мұқият тергеу, қайғылы оқиғаның себептерін анықтау және кінәлілерді анықтау тапсырылды.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев марқұм Айзат Әбдісаматтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі