С.Ақшолақов: Ақтөбе облысында денсаулық сақтау жүйесін дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылуда

You are here

Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаевтың шақыруымен өңірге "Ұлттық нейрохирургия­ орталығы" АҚ төрағасы Серік Ақшолақов, академиктер - Төрегелді­ Шарманов пен Жақсылық Досқалиев келді.

Қонақтар медицина қау­ымдастығымен, М.Оспанов ат.БҚМУ жəне медиц­иналық коллелж студенттерімен кездесіп, денсаулық сақтау саласын дамытудағы өзекті мəселелерді талқылады.

Күннің екінші жартысында ҚР Еңбек Ері Серік Ақшолақовты ұлықтауға арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. Профессордың өмір жолы мен кəсіби қызметі туралы фильм көрсетілді.

- Ақтөбе Батыс Қазақстандағы медициналық туризмнің орталығы болып саналады. Жыл сайын жергілікті емханаларда 8 мыңнан астам адам тексеріліп, ем ала­ды. Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігімен өңірлік медициналық кластер құру туралы келісімге қол жеткізілді, Gangnam Severance Hos­pital, Hemogens Healt­h Care жəне басқалармен келісімшарт бар. Өткен жылы бүйрек ауыстыру бойынша 16 операция жасалды, оңтүстік­ кореялық дəрігерлермен бауыр алмастыру бойынша 6 операция жасалды.Жыл сайын саланы қаржыландыру артып келеді, 2016 жылы денсаулық сақтауды дамытуға 37,1 млрд. теңге бөлінді,-деді Бердібек Сапарбаев.

Өңірде мемлекеттік-жеке серіктестік белсенді дамып келеді, МЖС аясында құны 11,6 млр­д. теңге болатын 6 жобаны жүзеге асыру басталды, сонымен қатар құны 3,9 млрд. теңге болатын қалалық жедел-жəрдем бекетінің, стоматологиялық емхананың, офтольмологиялық­ аурухананың құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Республикалық бюджет есебінен 200 адамға арналған облыстық перинаталық орталық, 300 орындық облыстық туберкулезге қарсы диспансер салу жоспарлануда.

- Сіздің ғылыми зерттеулеріңіз бен үлкен тəжірибеңіздің арқасында Ақтөбе медицинасы белсенді дамып келеді, трансплантология, кардиохирургия мен нейрохирургия бойынша қызметтер жоғары деңгейде атқарылуда,-деп атап өтті қонақтарға денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын жеткізген облыс əкімі.

Бердібек Сапарбаев барлық ақтөбеліктердің атынан Серік Ақшолақовқа автокөлік кілтін табыс етті.

- Біз бүгін бірнеше медициналық мекемелерді аралап, медициналық­ қауымдастық өкілдерімен жəне болашақ дəрігерлермен кездестік. Мен өңірде денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне жағдай жасауда ауқымды жұмыстар атқарылып, облыс тұрғындарына жоғары сыныпты медициналық көмек көрсетіліп жатқанын көріп тұрмын: офтольмологиялық операциялар жасалатын кластер құрылып, медициналық нысандар салынуда. Мен осында туып-өстім, сондықтан туған жерімде болып жатқан жағдайды үнемі бақылап отырамын. Бердібек Сапарбаевтың денсаулық сақтау жүйесіне баса назар аударатыны қуантады, нəтижелер мені қатты таңғалдырды. Əкімге атқарып жатқар

қыруар жұмыстары үшін алғысым шексіз. Жерлестерімнің маған сыйлаған көлігін жас маман ретінде еңбек жолымды бастаған жедел медициналық жəрдем ауруханасына тарту етемін,-деді Серік Ақшолақов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар таспасы