Суармалы алқаптарды арттыру керек

You are here

Ырғызға жаңа әкім тағайындаған актив жиынынан кейін облыс басшысы ауданның әлеуметтік ғимараттарын, шаруашылық орындарын аралап көрді. Шалғай өлкенің мектебіне, спорттық кешеніне барды. Ұлттық спорт түрлерін дамыту, бұқаралық спортқа маңыз қою сияқты тапсырмалар алған мамандар ғимараттарды жаңғырту жұмыстары туралы айтты. Туған жерге тағзым акциясының аясында әлеуметтік нысандарды жөндеу, құрал-жабдықтарын алу ырғыздық түлектерді тарту арқылы жасалуы керек.  Ырғыздың шежіресінен сыр шертетін ауданның мұражайы да облыс әкімінің назарынан тыс қалмады. Аудан аумағының тарихи-танымдық келбетін танытатын жәдігерлер арасында қаймағы бұзылмаған қазақылықтың белгісі - ұлттық қолөнер бұйымдары ерекше айшықталады. Бұдан соң, облыс әкімі Ырғыз өзенінің иглігін көріп, суармалы егіспен айналысып отырған бағбандардың ауылына да ат басын бұрды. Бау-бақшасы жайқалып өскен шаруашылық көпке үлгі. Күзде өнімі мол болатыны көрініп тұр. Бердібек Сапарбаев суармалы алқаптарды арттыру туралы ауданның жаңа басшысына тапсырма берді. Бұдан кейін елді мекенде өзін күткен тұрғындармен де кездесіп, жағдай сұрасты. Газдың, жолдың жайын баян етіп, жастар жағы мал шаруашылығын дамыту керек дед.

Қосылды: 
11.07.2016 - 17:14
Соңғы өзгерiстер: 
20.09.2016 - 17:30

Жаңалықтар таспасы