Суармалы алқаптарды тиімді пайдалану

You are here

Ақтөбе облысының суармалы алқаптарды көбейтіп, мал шаруашылығын өркендетуге толық мүмкіндігі бар. Өткен жылдардағы қуаңшылық біздің өңірде егін салудың тиімсіздігін көрсетті. Демек, мал басын көбейтуді мақсат еткен облыс шаруаларына қолайлы жағдай жасау - аудан, ауыл басшыларының алдында тұрған міндет. Бұл - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың барлық деңгейдегі әкімдер мен жауапты басқармалардың, ірі шаруашылық құрылымдарының басшыларына берген тапсырмасы. Жалпы, Ақтөбе облысының аумағында 800-ден астам өзен, 1100-дей көл бар. Ал кезіндегі ірі бөгеттер мен стратегиялық маңызы жоғары тоғандардың көбі жеке шаруашылықтардың иелігіне өтіпк еткен, қараусыз қалғандары да бар. Облыс әкімінің айтуынша, сол суды халық игілігіне жаратып, суармалы шабындықты көбейту қажет.  Тіршілік көзін тиімді пайдаланып, арнасын тазалап, мемлекет меншігіне тапсырған күнде Ақтөбе облысы азық-түлік қауіпсіздігі белдеуін толық қалыптастырады. Бүгінгі жиынға қатысқан аудан әкімдері мен облыстық басқармалардың және су шаруашылығының жауапты мамандары облыс әкімінің сын ескертпелері мен ұсыныстарын тыңдады.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бүгінде Ақтөбе облысының аумағындағы суармалы жер көлемі 28 мың гектардың шамасында. Бірақ, олардың тек 12,2 мың гектары немесе 44 пайызы ғана өз мақсатында пайдаланылып отыр. Болашақта маңызды су қоймаларыны жеке қолдан мемлекет меншігіне тапсырылып, ел игілігіне жаратылуы тиіс. Еліміздің су ресурстарын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бойынша гидротехникалық құрылғылар салу мен жаңарту жұмыстарына инвестициялық жоба жасалып, 2016-2019 жылдар аралығында 1 миллиард теңгеден аса қаржыны игеру көзделген.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосылды: 
17.11.2015 - 10:45
Соңғы өзгерiстер: 
29.08.2016 - 17:19

Жаңалықтар таспасы