Суармалы жерлерді тиімді пайдалану тапсырылды


Ақтөбе облысында ауқымды суармалы алқаптар қалпына келтіріледі. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен және Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішовтың қатысуымен өткен кеңес барысында айтылды. Кеңес жұмысына облыстық жерді пайдалану, су ресурстары бойынша уәкілетті органдар мен кәсіпорындардың, аудан әкімдері мен қаржы институттарының басшылары қатысты. 

Егер қазақстанда 24 жыл бұрын суармалы жерлердің саны екі миллион үш жүз мың гектар болса, қазір бұл көрсеткіш бір миллион 400 мың гектардың шамасында. Сондықтан, ауыл шаруашылық министрлгі өңірлерде суармалы алқаптарды анықтап, қайта қалпына келтірумен айналысуда.

ИСЛАМ  ӘБІШЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ СУ РЕСУРСТАРЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Жалпы Ақтөбе климаты жағынан егін шаруашылығымен айналысуға аса қолайлы емес. Сондықтан,  болашақта толық суармалы егіске, оның ішінде мал азығын өсіруге мамандануы тиіс. Ол үшін құнарлы алқаптарды, бос жатқан жерлерді анықтау қажет. Жердің суармалы егіске айналдырғандағы мүмкіндігін болжау керек. Осы мақсаттарға инвестиция тарту да кезек күттірмес мәселе. Ол үшін Қазақстанның су ресурстары комитеті Ислам даму банкімен бірігіп, 411 млн. доллардың жобасын жасақтауда.

ИСЛАМ  ӘБІШЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ СУ РЕСУРСТАРЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Жиын барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев суармалы алқаптардың мәселесіне тоқталды. Алдымен суармалы егіске бөлінетін аумақтың титімділігін тексеру керектігін алға тартқан ол өңірде жердің әр телімі түгенделуі тиіс деді. Ұлтарақтай жерді ұсынықты пайдалану керек. Судың да сұрауы бар. Су қоймаларының мүмкіндігін де зерделеуге тиістіміз деген Бердібек Сапарбаев барлық  суармалы жерлерге түгендеу және паспорттау жұмыстарын жүргізіп, олардың жарамдылығын анықтауды тапсырды.

БЕРДІБЕК  САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 

Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам  Әбішев суармалы жерлердің жағдайымен танысу мақсатында Ойыл ауданында болды. Ойылдағы Тамдыкөл суармалы жүйесі өткен ғасырдың 50-ші жылдары салынған. Көктемде тоғанға толған судың 56 пайызы Ақтөбе облысының қажетіне жараса, қалғаны Атырауға бағытталады.

АЙДЫНҒАЛИ  ҚОҒАБАЕВ, СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ

Тамдыкөлдің суын тиімді пайдаланып отырған шаруашылықтардың бірі "Көптогай" серіктестігі. Алты мың гектар алқапқа мал азығы дақылдары егілген. Суармалы әдістің әсерінен биыл гектарынан 15-18 центнерден өнім алып отыр. 

Қосылды: 
28.09.2015 - 17:37
Соңғы өзгерiстер: 
01.09.2016 - 11:36