Суармалы жерлер есепке алынуда

You are here

Облыс әкімі  Бердібек Сапарбаев өңірге жұмыс сапармен келген Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішовпен кездесіп, суармалы жерлерді пайдалану мәселелерін талқылады. Былтырдан бері бұл бағытта елеулі шаралар атқарылды. Суармалы жерлерді анықтау, оларды игеру үшін алғышарттар жасау күн тәртібіне қойылды. Қазіргі уақытта облыс бойынша 8900 гектар суармалы алқап анықталып, олардың құжаттамаларын жасау үшін жергілікті бюджеттен 256 миллион теңге бөлінді. Көлтабанды суармалы жерлерді пайдалану мәселесі де көтерілді. Облыс аумағында 27 көлтабанды жер бар. Олардың да мүмкіндіктері зерттелуде. Осындай 18  алқаптың жер актілері жасақталып жатыр.  Мұндай шаралар өңірде мал азығының мол қорын жасауға септігін тигізіп қана қоймай, аймақта азық-түлік молшылығын жасаудың алғышарты болмақ. Бұдан өзге кездесу барысында талқыланған тағы бір мәселе Сазды су қоймасын  облыс орталығын көгалдандыруға пайдалану. Облыс әкімі жұмыстарды аяқтау мерзімін айтып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Жаңалықтар таспасы