Су тасқынына қарсы іс-шаралар қатан бақылауда

Үсті -үстіне жауған қалың қар көктемгі су тасқыны қаупін тудыруда.  Бүгін облыс басшысы Бердібек Сапарбаев қаланың қауіпті аймағы саналатын бірнеше шағын аудандар мен ауылдық округтерді аралап шықты. Жауапты мекеме басшылары мен төтенше жағдайлар қызметкерлеріне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Мәселен, Благодар  ауылдық округінің Қызылжар ауылына шығар жолдағы еріген қар суы ас жолдың үстінен арық арқылы жолдың екінші жағына ағуда. Бұл жолға жақын орналасқан тұрғын үйлерді су басу қаупі бар. Мәселенің мән-жайымен жіті танысқан облыс басшысы қала әкіміне Жаман Қарғалы өзеніне дейін су ағатын арық өткізуді тапсырды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 

Қыратта  орналасқандықтан Заречный-3 елді мекенінде әзірге мұндай мәселе жоқ. Аймақ басшысы елді мекендегі құрылысы жүріп жатқан мектепке барды. Білім ордасын биылғы жылдың бірінші қыркүйегіне дейін аяқтауды тапсырды. Қаланың ескі бөлігіндегі Құрмыш шағын ауданы жеке секторларды санамағанда, қалың қардан тазаланған. Ал ұқыпсыздық танытып,  үйілген қарды дер кезінде шығармаған кейбір тұрғындардың жауапсыздығынан көршілерні қиындық туу мүмкін. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс басшысы дәл осындай ескерту Мәскеу шағын ауданында орналасқан дүкендердің бірінің қожайынына да жасады.. Мұнда сауда орынының аумағын түгелімен қар басып тастаған.

Мәскеу ауданымен көрші орналасқан Авиаторда көктемгі су тасқынының зардабын шегіп отыр. Бұл ауданда су өткізетін арық жоқ. Үй салуға берілген жер учаскелерінің уақытында жергілікті ерекшелігіне мән берілмеген, арнайы каналдар жүргізілмеген. Сондықтан жыл сайын көктем келісімен көшелерді су басып кетуде. Осы жағдаймен арнайы танысқан облыс басшысы Бердібек Сапарбаев жауапты мамандарға нақты тапсырма берді. Сондай-ақ облыс әкімі батыс -2 ауданына жақын орналасқан  бөгетті барып көрді.

ЖАНДОС  БАЙЫРХАН, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Айта кету керек, биыл түскен қардың қалыңдығына байланысты коммуналдық мекемелердің жұмысы күшейтілген режимге көшті. Соңғы аптада тәулік бойы үздіксіз жауған қарды тазалау үшін мердігер мекемелердің арнайы техникалары  түгел жұмылдырылды.

ЖАНДОС  БАЙЫРХАН, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Тұрғындар назарына.  Су тасқынына қарсы қалалық штабқа 54-53-12 және 54-53-13 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.

 

Қосылды: 
23.03.2016 - 15:36
Соңғы өзгерiстер: 
06.09.2016 - 16:25