Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша комиссия кеңесі

You are here

Ақтөбе облысында қызмет көрсету аясын автоматтандыру арқылы сыбайлас жемқорлықты жою көзделіп отыр. Бұл туралы өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар кеңесінде айтылды.

Кеңес барысында білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және жастар мен жасөспірім ортасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды. Облыстық білім басқармасының ақпараттарына сүйенсек, 2015 жылы өңірде білім және ғылым саласында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 14 қылмыс анықталған. Бұған жол берген мекемелердің басшылары қызметтерінен босатылды. Облыстық білім басқармасының жетекшісі Сәуле Өмірбекованың айтуынша, жалпы алғанда бұл салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша жүйелі жұмыстар қолға алыныпған. Сонымен бірге басқарма басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің тиімді түрі кадрларды алмастырып тұру деп ұсынды. Мұндай ұсынысты облыс әкімі қолдады. Бұл ретте өңір басшысының айтуынша, білім мен ғылым саласында пара алып ұсталатындар қатарында негізінен мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері бар. "Сыбайлас жемқорлыққа білім беру орындарында жол бермеу керек, қоғамдастық өкілдерін де жұмылдыру қажет", - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев. Кеңес барысында ведомствоаралық жұмыстар жөнінде әділет департаменті, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармалары басшылары да сыбайлас жемқорлықпен күрес барысы туралы есеп берді. Облыс басшысы сот актілерінің орындалуы мәселесіне назар аударуды және барлық жұмыстарды жергілікті БАҚ арқылы тұрғындарға жеткізіп отыруды тапсырды.

Жаңалықтар таспасы