Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аймақтық комиссия отырысы

You are here

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасына бөлінген қаражат тиімді жұмсалуы тиіс. Елбасының тапсырмасының негізінде ұлттық қордан 2015-2019 жылдары бөлінетін қаражатты "Нұр Отан" партиясы бақылауға алғаны белгілі. Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аймақтық комиссия отырысында "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Нұрхан Ағниязовтың бақылау қорытындылары бойынша есебін тыңдады. Арнайы жиында уәкілетті органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы қызметтерін талдау бойынша прокурорлар да баяндама жасады. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың іс-шаралар жоспары, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының сақталуы жөнінде де айтылды. Жиын барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сыбайлас жемқорлықпен ел болып күресу керектігін атап өтті.

Жаңалықтар таспасы