Сыртқы нарықтағы экономикалық жағдайларға байланысты бағаны тұрақтандыру жөнінде қала әкімдігімен қандай жұмыстар жүргізілуде

You are here

Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жұмысы шеңберінде 2016 жылы 37 кәсіпорынмен 27 Меморандумға қол қойылды. 2015 жыл мен салыстырғанда 24 кәсіпорынға көп.

Әр апта сайын құрамында «Нұр Отан» қалалық партиясының мүшесі, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері және мәслихат депутаттары  Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына және Меморандум шарттарын сақтауды қадағалау бойынша жұмыс тобымен мониторинг жүргізу жалғасуда.

Сауда желілерінде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары Қазақстандық өндірушілердің тауарларын 10%-дық үстемақымен және картоп пен көкөніс өнімдері тобына 15%-дық үстемақы жүргізіледі.

Соңғы үш жылда азық-түлік сауда базарлары («Орталық базар», «Алтай», «Ануар», «Арай», «Жилгородской», «Табыс» ком.базары, «АгроОптСервис» көтерме базары) коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілгеніне қарамастан, жалға алу ставкасын көтермеді.

Жергілікті тауар жеткізушілерде орнатылған үстемақыны орындауда.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жалғасуда. 2016 жыл басынан бастап «Табыс» коммуналдық базарында, «Алтай», «Орда» базарларында 27 жәрмеңке өткізілді жалпы соммасы 296,7 млн.тг жәнеде ауылдық округтерде 10 көшпелі ауыл шаруашылығы өткізілді жалпы сатылған өнім соммасы 7,5 млн.тг құрады («Рамазан» ЖШС, «Айс+» ЖШС, «Молочные истории» ЖШС, «Жаңа Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС, «Ақ құс» ЖШС, «Жазық групп» ЖШС және т.б.).

Қосылды: 
25.08.2016 - 18:04
Соңғы өзгерiстер: 
25.08.2016 - 18:04

Жаңалықтар таспасы