Сүйек жүйесінің ауыр түрімен ауыратын 17 жасар ақтөбелік қыз баланы Оңтүстік Кореяда тегін емдейтін болады

«Бақытты бала» өңірлік жобасы аясында омыртқа жотасы бір бүйіріне қарай қисайған Ақтөбе қаласының 17 жасар тұрғыны өткен аптада Оңтүстік Кореяға келіп, Северанс Синчон емханасында ем алып жатыр. Әлемнің 100 белді жоғары оқу орындарына кіретін Ёнсе университеті жанындағы Сеуілдің ең ірі емханаларының бірінің дәрігерлері қызды тереңдете тексеруге кірісіп кетті, олар соның нәтижесімен емдеу жолын таңдайды. Жасөспірім қызда IV дәрежелі идиопатикалық сколиоз ауруынан басқа сүйек жүйесінің патологиясы, соның ішінде аяқтарының бірнеше рет сынуы байқалады. Бұл аяқтардың қысқаруына әкеліп соғады. Қызды пойызбен әкеле жатқан анасы дәрігерлердің оны жазып беретініне сенеді. Айта кетейік, бұл «Бақытты бала» өңірлік жобасы арқасында «Severance-KZ» қоғамдық халықаралық медицина қорының қолдауымен Оңтүстік Кореядан тегін ем алып жатқан ауыр потологиясы бар төртінші бала.

  Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі