Табиғи ғазбен жүретін автобустарға арналған жаңа автопарк салынады

Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаржылай қолдауымен табиғи газбен жүретін автобустарға арналған жаңа автопарк ашылмақ. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев  банктің Казақстандағы директоры Джанет Хэкманмен  болған кездесуінде айтты. Венера Серғазина толықтырады.

Құны 4 млрд теңге болатын жаңа автопарктың ашылуы тураклы бүгін екіжақты меморндумға қол қойылды. Инвестициялық жоба аясында коммунальдық автобус паркінің инфрақұрылымы жаңарып, табиғи газбен жүретін экологиялық тиімді 100 автобус сатып алынады. Газбен жабдықтау станциясы да салынады. Сондай-ақ, қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесі енгізілмек.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ақтөбеде бүгінгі күні 50  бағыт бойынша  458-дей  автобус  жүреді. Олардың техникалық жағдайы сын көтермейді, ескірген. Тұрғындардың арыз-шағымы да негізсіз емес. Осы ретте жобаны қаржыландыру туралы біз жасаған ұсынысты еуропалық қайта құру даму банкі, оның ішінде банктің  қазақстандағы директоры Джанет ханым қабылдады. Әрине ол үшін біз алғыс айтамыз.

Жаңа жоба жүзеге асқан жағдайда жолаушыларға қызмет көрсету сапасы әлдеқайда жоғарылап,  қаланың экологиялық ахуалы  жақсарады.  Бұдан басқа  аумағы 9 мың шаршы гектар суармалы жерлерді игеру, олардың ауқымын ұлғайту мақсатындағы жұмыстарға банк тарапынан 5 млрд тенге  несие бөлу де оң шешілмек.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Біз қазір өңірде суармалы жерлердің тек 49 пайызын ғана пайдаға жаратып отырмыз. Біз мұны  100 пайызға жеткізгенде ғана тұрғындарды азық-түлікпен қамту мәселесін толық шешеміз. Ол үшін қазір Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаржыландыруына қол жеткізуіміз керек.

ДЖАНЕТ ХЭКМАН, ЕҚҚД БАНКІНІҢ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ДИРЕКТОРЫ

Ақтөбе өңірі бизнесті дамытуға ең қолайлы аймақтардың бірі деп санаймын.   біз өңірде 164 жобаны қаржыландырдық.  Оның 152 сі шағын және орта бизнес секторында.  Енді міне экологиялық автобустарды сатып алу жөніндегі келісім шартқа қол қойып отырмыз. Бұл жоба халықтың өмір сапасын жақсартуға қомақты үлес қосары сөзсіз. Келесі жылы астанада өтетін  экспо-2017 халықаралық көрмесіндегі маңызды тақырыптардың бірі болашақтың энергиясы десек, бұл жобаның өміршеңдігі туралы айтпаса да түсінкті.

Еуропалық қайта құру банкінің Қазақстан экономикасына қосқан үлесі - салмақты. 20 жылда  экономиканың әртүрлі секторында жалпы құны 6 млрд, евродан асатын 210 жобаны қаржыландырған. Ақтөбеде осы банктің 7 млрд тенге қаржысына қаланың ескірген жылу және су құбырлары қайта жаңғыртылуда. Батыс өңірде банктің 32 консультанты жұмыс жасайды, Нәтижесінде 105 жоба сәтті жүзеге асуда. Бүгін  ақтөбе қаласында банктің жаңа бөлімшесі ашылды.  Венера Серғазина, Жанәділ Сағиев "Қазақстан-Ақтөбе"

Қосылды: 
22.06.2016 - 14:49
Соңғы өзгерiстер: 
09.09.2016 - 15:03