Татулық пен келісім-қоғам тұрақтылығының кепілі

"Қазақстандық татулық пен келісім". Ақтөбеде өткен өңірлік семинар осылай аталды. Жиынға қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және облыстық ассамблея жанындағы қоғамдық келісім кеңестерінің өкілдері мен мүшелері қатысты. Негізінен Елбасының елге үндеген 100 нақты қадам Ұлт жоспарындағы тапсырмаларын орындау, Мәңгілік ел патриоттық актісіне үн қосу мәселесі талқыланды. 

¤Қазақстан - бейбітшілік пен келісімнің туын тіккен ел. Жаһандағы мемлекеттердің өзара байланысын, достығын нығайтуда Қазақстанның атынан әлемдік саяси аренаға шығып жүрген Елбасының үлесі орасан зор. Мәселен, діни үнқатысу алаңына айналған Астана қаласында үш жыл сайын әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі өткізіліп келеді. Қазақстанның бұл бастамасы әлемдік қауымдастық пен одақтар тарапынан жоғары бағаланып үлгерді. "Келісім сөзінің", әсіресе көпұлтты Қазақстан үшін маңызы зор. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жалпы әлемдегі елдердің мемлекет болып қалу кепілдігі толеранттық ұғымында жатқаны баршаға мәлім. 90 -ға жуық ұлт пен ұлыс өкілдері мекен еткен Ақтөбе облысында да қоғамдық келісімнің маңызы зор. Қоғамдағы өзекжарды мәселелердің шешілуіне бірден бір себеп болып отырған да осы кеңес.  

ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ, ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІ ҚХА ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Семинарға қатысушылар көші-қон үдерістерін реттеу, діни экстремизммен, терроризммен күрес және оның алдын алу жолдарын, сондай-ақ қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту тақырыбын талқылады. Осы шара барысында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев облыстағы бірқатар кадрлық ауыс-түйістер мәселесіне де тоқталды. Ол аудан әкімі қызметіне тағайындау үшін міндетті түрде "А" корпусына өткен мемлекеттік қызметкердің кандидатурасы ұсынылуы тиіс екенін айтты. Бұл - заң талабы. 

Қосылды: 
04.07.2016 - 15:50
Соңғы өзгерiстер: 
20.09.2016 - 10:47