Т.Дүйсенова Ақтөбеде «е-ХАЛЫҚ» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты

Ақтөбе облысына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен келді.

Мейман алдымен «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес акционерлік қоғамнің бөлімшесі болып табылатын «Халыққа қызмет көрсету орталығына» барды.

Қазіргі таңда ХҚКО-ның барлық 17 құрылымдық бөлімшесінде халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, жұмыссыздарды тіркеуге алу, оларды әлеуметтік жұмыс орындарына, оқуға, жастар тәжірибесіне жіберу, халықты жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстарды жүргізуде. Тамара Дүйсенова пилоттық жобаның жүзеге асырылуымен танысты.

Сонымен қатар, өңірде тағы бір маңызды «е-Халық» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба аясында жергілікті атқарушы орган өкілдері халықты тұрғылықты жеріне тіркеу жұмыстарын жүргізуде.

2016 жылы «Ауылдық округ әкімінің автоматтандырылған жұмыс орны» бағдарламасы енгізіліп, облыстың 143 ауылдық округінде әрекет етуде. Бұдан бұрын ауылдық округ әкімдері халқының саны, тұрғындардың мәртебесі, баспана жағдайы, мал және көлік саны, т.б. туралы мәліметтер жазылған шаруашылық кітабын жүргізетін. 2015 жылы барлық шаруашылық кітаптары электрондық үлгіге көшіп, бүгінде әкімдер жеке тұлғалар туралы мәліметтердің мемлекеттік базасымен біріктірілген АӘАЖО-да жұмыс жасауға мүмкіндіктері бар. 2017 жылдың 1 шілдесінде міндетті медициналық сақтандырудың енгізілуіне байланысты аталмыш бағдарлама өзекті болып отыр.

Қазіргі таңда ақпараттық жүйені толтыру жұмыстары жүргізіліп, бағдарламаға 376 мың адамның немесе халықтың жалпы санының 44 % туралы мәлімет енгізіліп қойды.

АӘАЖО бағдарламасының тиімділігін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 81000 адам тұратын Қорайлы ауылдық округінің әкімдігінде байқады.

- «е-ХАЛЫҚ» жобасын не үшін енгізіп жатырмыз? Біріншіден, жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін. Сіздердің әлеуметтік карталарыңызда жұмысы барлар, әлеуметтік жәрдемақы алатындар, өзін өзі жұмыспен қамтып отырғандар туралы мәліметтер тұрады. Сіздер жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отыра осы санатқа жатпайтындармен мекенжайлары бойынша жұмыстануларыңыз қажет. Екіншіден, жұмыссыздар тіркелу үшін Ақтөбеге келулері міндетті емес, әкімдікке келсе болғаны. Мұнда оларды тек есепке алып қана қоймай, өздеріне жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдаудың қандай түрлерін көрсетілетіндігі туралы барлық ақпарат берілуі тиіс. Осы жерден оларды оқуға, қысқа мерзімді курстарға жіберу қажет. Міне, бұл жүйенің қажеттілігі осыда,-деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспсөз қызметі