Террористік акт салдарынан жарақат алғандардың жағдайы жақсарып келеді

You are here

Лаңкестік әрекет салдарынан зардап шеккен ақтөбеліктер оңалып келеді. ҚР Премьер-министрі мен Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев медициналық жедел жәрдем ауруханасына барып, шабуыл салдарынан зардап шеккендердің жағдайын білді. Үкімет басшысы науқастармен әңгімелесу кезінде олардың денсаулықтарын сұрап, тезірек сауығып кетулерін тіледі.Жжарақат алғандардың денсаулығын күні түні бақылап, жазылуына сеп болған 5 дәрігер алғыс хат және бағалы сыйлықтармен мараптталды. Олардың қатарында хирург Әбди Жазылбек, анестезиолог Айгүл Тайжігітова, Мадина Сатарова, Қымбат Әлібекова және бригада дәрігері Ринат Бекмеев бар.

ӘСЕТ ҚАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

медициналық көмектің қол жетімділігі жылдан жылға артып келеді. Әсіресе шалғай жатқан елдімекендермен байланыс жақсаруда. Оларға медициналық қызмет көрсету 31 пайыздық көрсеткішті құрап отыр. Сондай-ақ халықаралық қатынастар, әріптестік байланыстарда дамып келеді. Жуырда ғана Оңтүстік кореяның тәжірибелі мамандарымен бірлесіп бірнеше  күрделі ота жасалды.

Қазіргі таңда Медициналық жедел жәрдем ауруханасында 4 адам ем алуда. Олардың екеуі - әскери адам, біреуі - «Күзет» қызметкері, екіншісі - бейбіт тұрғын. Дәрігерлер Кәрім Мәсімовке 5-6 маусымда ауруханаға барлығы 18 адам түскенін, олардың 14-і үйлеріне шығарылғанын жеткізді. Қалған 4-еуінің жағдайы - қанағаттанарлық. Оларға барлық медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп келеді, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Күтім жасауда қандай да бір мәселелар туындап жатқан жоқ.

 

 

 

Жаңалықтар таспасы