Тұрғын үйге қойылатын талаптар қандай? Пәтерлерді берген кезде қабатты таңдауға бола ма?

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 76-бабына сәйкес, азаматтарға тұру үшiн берiлетiн мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй сол елдi мекеннiң жағдайларына қарай тұрмысқа жайлы және мұқтаж адам есепте тұрған елдiмекеннiң шегiнде болуға тиiс. Мүгедектерге, қарттарға, жүрек-қан тамырлары және басқа да асқынған аурулармен ауыратын адамдарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай – олардың тілегі ескеріліп, төменгі қабаттардан немесе лифтілері бар тұрғын үйлерден, ал тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге екіншіден жоғары емес қабаттан беріледі.

Қосылды: 
13.08.2016 - 10:15
Соңғы өзгерiстер: 
13.08.2016 - 10:15