Тұрғын үй құрылысында қосымша мүмкіндіктерді толық пайдалану керек

You are here

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мүмкіндіктері біздің өңірде толығымен іске аспай отыр. Немқұрайлы, мардымсыз жұмыстың салдарынан тұрғындар берілген баспаналарын тіркете алмай, қағазбастылыққа салынып жүреді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бүгін облыстағы тұрғын үй саласына жауапты тұлғаларды осылай деп сынады. Қазір баспана кезегінде 22 мыңнан астам адам тұр, сондықтан тұрғын үй салуды жеделдетіп, қосымша мүмкіндіктерді пайдалану қажет деді облыс әкімі. 

Облыста баспанамен қамту мәселесі көтерілген жиында осы салаға жауапты тұлғалар бас қосты. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің  облыстық филиалы мемлекеттік бағдараламаларды іске асыруда барлық мүмкіндіктер бойынша жұмыс жасап отыр. Мәселен, Өңірлерді дамыту-2020 бағдарламасы арқылы тұрғындардың  пәтерлерге қол жеткізуін  2 есеге жылдамтауға болады деді банк басшысы. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі барлық бағдарламаға қатысуға ниетті болып отыр. ол үшін  патерлердің құны нарықтағыдан төмен болуы шарт.

НҰРЛАН КҮЗЕМБАЕВ, ТҮҚЖБ АҚ АОФ ДИРЕКТОРЫ

Тұрғын үй нарығын 2-3 жылға жоспарласақ, құрылыс материалдары мен  баспана құнында айтарлықтай тұрақтылық пайда болады. Көптеген әлемуттік мәселелерді шешуге болады. Қазақстанның батысында тұрғын үй құрылысы деген атаумен кластер құруды ұсынамын. оған мемлекеттік органдарды, кәсіпкерлер одағын тартуға болады. Неге десеңіз, құрылыс матераилдарының 80 пайызы ақтөбеде шығарылады, және өңірде бірнеше құрылыс компаниялары тұрақты жұмыс жасап жатыр. ол үшін облыс әкідімігі мен банк арасында  меморандум қажет деп санаймын.

Ақтөбе облысы бойынша 22 мың адам үй кезегінде тұр, олардың 80 пайыздайы  қалада тұрады.  500 дей құқық қорғау саласының қызметкері, мыңға жуық жетім бала тұрғын үйге зәру. Мемлекет тарапынан қабылданған  бағдарламаларға қосымша біз  өзіміздің бар мүмкіндіктерімізді де пайдануымыз қажет деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, соның бірі- ата-анасыз қалған балаларды қолдау акциялары. құрылыс басқармасының мәліметінше биыл 580 шаршы метр тұрғын үйц пацдлануға беріледі.

 

 

Қосылды: 
15.04.2016 - 15:54
Соңғы өзгерiстер: 
07.09.2016 - 17:17

Жаңалықтар таспасы