Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта өткен мерекелік

You are here

Қазақстан халқының бірлігі күнін облыс тұрғындары ерекше атап өтті. Ақтөбеліктер Тұңғыш Президент атындағы орталық саябаққа ертемен жиналды. Алаңда әр халықтың өзіндік салт-дәстүрін паш ететін ұлттық киім  кигендердің қатары көп болды. Мамыражай мамыр айының алғашқы күнін жауын-шашынға қарамастан, тұрғындар жылдағы әдетпен көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және ҚР Парламент сенатының депутаты Елеусін Сағындықов қатысты.

Бірлік - көп ұлтты Қазақстан үшін ең маңызды құндылық. Себебі елімізде 130-дан астам түрлі ұлт өкілдері тұрады. Татулықты ту еткен халық үшін  ынтымақ мерекесінің орны ерекше.  Жыл сайын осы күні елімізді ортақ отаным деп білетін ұлыстар мен ұлттар Қазақстан атты киелі шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандарын атап өтіп, жасампаз дәстүрді жаңғырта түседі. Сол дәстүр биыл да жалғасын тапты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жиналғандарды мерекелерімен құттықтап, "тілегіміз - татулық, тірегіміз - тұрақтылық"- екенін атап өтті.  

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұл мерекеде мемлекеттіліктің, нығаюдың, жарқын болашақтың нышаны бар. Сондықтан болар, бірлік күні Қазақстанда жоғары деңгейде атап өтіледі. Ал Ақтөбеде өткен мерекелік шараларға  Астанадан келген мәртебелі меймандар да куә болды. 

ЕЛЕУСІН САҒЫНДЫҚОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Мерекелік концерт барысында өнерпаздар тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Кәсіпкерлер ұйымдастырған сауда қатарларының да жұмысы қызды. Әр жерде спорттық ойындардан сынға түскендерді қолпаштаған жанкүйерлердің даусы естіліп жатты. Қолөнер бұйымдарының көрмелері де мерекенің көркін келтірді. 

ГҮЛНҰР АСҚАРОВА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ

Орталық саябаққа жиналған тұрғындар бірін-бірі құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп жатты.

Қалалық мәдениет үйі мен Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы этно-бірлестіктердің өнерпаздары ән мен биден шашу шашты.

 

 

Жаңалықтар таспасы