Тәуелсіз Ел Мәңгілік Ел салтанатты шара өтті

You are here

Тәуелсіз ел - Мәңгілік ел. Бүгін, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналып Ақтөбеде өткен салтанатты шара осылай аталды.Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев барша облыс тұрғындарын ұлық мерекемен құттықтап, мәңгілік ел болуға бет бұруға шақырды. Бұдан соң, облыс басшысы ақтөбелік  өнерпаздар дайындаған концертке қатысты, өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттады. Оның ішінде мемлекеттік наградаларды, " Жыл адамы-2015" марапатын алғандар және "Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атанғандар бар. 

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара, мерекелік бағдарламамен басталды. қаладағы өнер ұжымдарының қатысуымен қазақ халқының өткені мен бүгінгісі, толықтай музыкалық жанрда баяндалды. Оның арасында, өткен ғасырлардағы нәубет жылдар, ұлттық басына төнген ауыр күндер, екінші дүниежүзілік соғыс және тәуелсіздік таңы атқалы атқарылған игі істер жітідей тізілді. Елдігіміздің басты нақыштарының бірі  - мемлекеттік ән ұранды салтанатты шараға жиналғандар бірге орындады.

Қазақстан - бүгінде бүкіл әлемге танымал мемлекет. Өткен 24 жыл ішінде ішкі, сыртқы саясатын тұрақтандырып, халықаралық аренада беделді елдердің біріне айналды. Бұған Елбасының сарабдал саясаты септігін тигізді. Шара барысында, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев барша ақтөбеліктерді тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ел егемендігін алған жылдардан бері Ақтөбе облысының да жеткен жетістіктері мол. Мол табысты әр саладан байқауға болады. Облыс басшысы өткен 24 жыл ішінде жеткен жетістіктерге де тоқталып өтті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Салтанатты шара барысында, Елбасының Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік - экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ ақтөбеліктер мемлекеттік наградалармен марапатталды. Облыс әкімі 3-ші дәрежелі "Барыс", "парасат", "Құрмет", 3-ші дәрежелі "Еңбек даңқы" ордендері мен "Ерен еңбегі үшін", "шапағат" медальдері және Құрмет Грамоталарын табыс етті. Құрметке ие болғандардың арасында, мемлекет және қоғам қайраткерлері, кәсіпорын басшылары, ғалымдар, жоғарғы оқу орындарының жетекшілері мен жас ғалымдар бар.

БАҚЫТЖАН ЕРЖАНОВ, КӘСІПКЕР

Сондай-ақ, бүгін 10 адамға "Ақтөбе облысының жыл адамы" атағы берілді. Олардың арасында арасында, медицина саласының мамандар, ұстаздар, кәсіпкерлер және қарапайым жұмысшылар бар. Жыл адамы атағына ие болғандардың арасына ең жасы 11 сынып оқушысы назарбек алтыбай. Бірнеше республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы болашағын ғылыммен байланыстырады.

НАЗАРБЕК АЛТЫБАЙ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ

Айта кету керек, Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Қосылды: 
15.12.2015 - 16:52
Соңғы өзгерiстер: 
30.08.2016 - 00:18

Жаңалықтар таспасы