Фармацевтикалық зауыт өндіріс көлемін ұлғайтуда

You are here

Еліміздің батыс өңіріндегі бірегей фармацевтикалық зауыт өндіріс көлемін ұлғайтуда. Бүгін кәсіпорында капсулалы дәрілер шығаратын кезекті цех іске қосылды. Астана күні тұсауы кесілген өндірісті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев көрді.

"ТК Фарм - Ақтөбе" фармацевтикалық зауыты, елімізде дәрі-дәрмек өндіруші үздік бестікке кіреді. Мұнда жылына 150 мың данаға дейін дәрілік заттар шығарылады. Оның басым бөлігін жөтелге арналған шәрбаттар құрайды. Ал, былтыр түйіршікті түрлерін шығару жолға қойылса, енді бүгін капсуламен қапталған дәрі өндірісі іске қосылды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жаңа цех заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған. Өнімнің сапасын анықтайтын арнайы зертханада да бар. Жалпы, зауытта 50 маман жұмыс істейді. Олар күніне 6 мың данаға дейін дәрілік заттарын шығарады. Сапасы да жоғары. кәсіпорын алғашқы өнімін шағарғаннан ақ, халықаралық стандарт сертификатына ие болған. Жаңа цехта өндірілетін дәрілердің бағасы да шетелдік нұсқасымен салыстырғанда әлдеқайда арзан.

Облыс әкімі бүгін "Ваниль" кондитер цехының жұмысымен де танысты. Цех отандық өнім өндіру ісіне зор үлесін қосып келеді. 2009 жылдан бері, жергілікті нарықта тәтті бұйымдарымен танылған кәсіпкерлік нысаны, жуырда тұшпара жасауды қолға алған. Ол үшін мемлекеттік қолдау көрсетіліп, халықаралық банк пен "Даму" қорының қаржысы тартылыпты. Сондай-ақ, шетелдік мамандар келіп ақтөбелік аспаздарды оқытыпты. Нәтижесінде, дәмі тіл үйіретін "Ванильдің" өнімдері бүгінде әр үйдің дастарқанынан табылады.

 

Жаңалықтар таспасы