Халықаралық маңызға ие жолдарын құрылысына әлемдік қаржы ұйымдары қаржы көрсетпек

Ал бүгіннің түскен дейін дәл осы жол мәселесі туралы кеңесу үшін Ресей мен Қазақстанның жол қызметтері өкілдері Орынбор облысының губернаторы Юрий Бергпен екі ел шекарасында кездесті. Кездесу барысында "Батыс еуропа-Батыс қытай" автокөлік дәлізінің түйіскен тұсындағы жолды жөндеу туралы кеңесті. Ресей Федерациясының өкілдері өз аумақтарындағы жол құрылысын бастау жоспарларымен бөлісті.

Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің жалпы ұзындығы 2787 шақырым. Ал Ақтөбе облысы бойынша өтетін 628 шақырымның жартысында жол жөндеу жұмыстары  2011 жылы  аяқталған болатын.  Яғни Қарабұтақ -Ырғыз және Қызылорда облысының шекарасы арқылы өтетін тас жол. Ал Ресейге апаратын 140  шақырымды құрайтын күре жол толық жөндеуден өтіп 2013 жылы қолдануға берілді. Бүгінде тас жолдың бойымен 8 мыңдай автокөлік қатынайтын болса, болашақта олардың саны 20 мыңға дейін жетеді деп жоспарлануда.

БАҒЛАН БАЙМАҒАМБЕТОВ, "ҚАЗАВТОЖОЛ" АҚ ҰҚ АОФ ДИРЕКТОРЫ

Батыс еуропа батыс қытай халықаралық дәлізі  Ұлы жібек Жолының қазіргі заманға лайықталған баламасы деуге де болады. Транзиттік дәлізді алғаш салу идеясы 2008 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбавтың жолдауында айтылды. Батыс Еуропа батыс Қытай транзиттік дәлізінің Ақтөбе облысы бойынша өтетін бөлігі  толығымен аяқталды.  Осыған орай  Ресей федерациясының шекарасында өткен кездесуге Қазақстан мен  Ресейдің автожол саласының басшылары мен өкілдері келді. Орынбор облысының губернаторы, РостАвтоДор федералды агенттігінің басшысы және Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғали Есқалиев автожолдарға қатысты  мәселлерді талқылады.

РОМАН  СТАРОВОЙТ, РФ КӨЛІК МИНИСТРЛІГІ ФЕДЕРАЛДЫ ЖОЛ АГЕНТТІГІНІҢ БАСШЫСЫ

Бүгінгі жұмыс сапарының негізгі мақсаты Орынбор- Ақтөбе тас жолының бойымен жүріп өту, танысу. Себебі Орынбордан шығатын жолдың  қазақстанға дейінгі бөлігі екі жыл бұрын Ресейдің  федералды меншігіне енген болатын. 2015-2016 жылы осы жолды стандартқа сай деңгейге жеткізу үшін қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған болатынбыз .

Айта кету керек, биылғы жылдың 15-ші қарашасынан бастап, Ресей тас жолынан өтетін жүк көліктерінің салмағы 12 тоннадан асқан жағдайда, қосымша өтемақы төлейтін болады. 

МӘРТӨК АУДАНЫ, ОРЫНБОР ОБЛЫСЫ, РЕСЕЙ

 

Қосылды: 
12.11.2015 - 09:29
Соңғы өзгерiстер: 
29.08.2016 - 17:47