Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іс шаралар қабылдануда

You are here

Астанада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан соң, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбеде шұғыл жиын өткізді. Күштік құрылымдар мен құзырлы орган басшыларына  халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыруды тапсырды. Жұмыссыздар тіркеуге алынып, саяжайларда тексеру жүргізілмек. Алыс-жақын шет елден келетіндер нақты есепке алынады.  Өйткені, миграцияның бақыланбауы, жерді заңсыз иелену - қылмыстың басты себебі болып отыр деді Бердібек Сапарбаев. Осыған орай, облыс орталығы мен Алға, Хромтау аудандарындағы барлық баубақша аумақтары тіркеліп, жеке тұрғын үй құрылысына берілетін жер телімдерін бөлу мәселесі шешілмек. Сондай-ақ, аймақ басшысы адамдар көп жиналатын қоғамдық орындар мен стратегиялық маңызы бар нысандарында қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды. Төтенше жағдай, террорлық акт кезінде жасалатын іс-әрекеттер халыққа түсіндірілуі керек.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Өңірдегі қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Мекеме, кәсіпорындар мен қаржы институттары қалыпты жұмыс істей береді. Аудан, ауыл тұрғындары да бұл жағдайға немқұрайлы қарамау керек деген облыс әкімі кез келген оқиғаға дайын болып, онымен күресу жұмыстарын аудан әкімдері жергілікті тұрғындарға түсіндірулері керек екенін айтты.

Қосылды: 
13.06.2016 - 15:21
Соңғы өзгерiстер: 
08.09.2016 - 16:11

Жаңалықтар таспасы