Шағын және орта кәсіп меморандумға қол қойылды

You are here

Ақтөбе облысының әкімдігі, "Атамекен" аймақтық кәсіпкерлер палатасы және өңірдің ірі кәсіпорындары арасындағы серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат 2016-2018 жылдары облыс аумағында шағын және орта бизнесті дамытуды көздейді. Негізгі мақсат өңір экономикасына серпін беру. Еске салсақ, жыл басында еңбек шартында көрсетілген барлық талаптарды орындау туралы үш жақты меморандумдар жасалған болатын. Импорттауды қысқартып, экспортты арттыру бойынша міндет қойылды. Ал оның орындалуы үшін жергілікті тауар өндірушілерді қолдап, өндірісте қазақстандық мазмұнның мейлінше сақталуына мән беру керек, - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Серіктестік бағдарламасы үш жылға жоспарланған. Айта кетсек, бұл құжатта меморандумның қалай орындалғаны жөнінде талдау жасауға болатындай  ақпарат алмасудың, есеп берудің нақты мерзімдері көрсетілген. Өңір басшысының айтуынша, өндіріс көлемі, инвестиция тарту, құрылыс жұмыстары бойынша және шағын-орта бизнестің дамуына байланысты биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Облыс әкімі компания басшыларына кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі туралы тағы да қадап айтты.

 

Жаңалықтар таспасы