Шетелдік дипломаттарға ақтөбенің инвестициялық әлеуеті таныстырылды

You are here

Соңғы 5 жылда Ақтөбе облысына 12,6 млрд доллар инвестиция тартылды. Бұл туралы елордада облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен еліміздің Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен  өткен "Дипломатиялық бизнес клубтың" отырысында айтылды. Қазіргі таңда өңір инвестициялар тарту жөнінен республикада екінші орын алады. Әлемнің 100-ден астам мемлекетімен сауда қатынастары орнатылған. Жалпы, сыртқы сауда көлемі 3,7 млрд долларға жетіпті. Елбасы тапсырмасына орай, экономиканы жандандыру үшін инвесторларды тарту жұмыстары жалғаса бермек. Бүгін әлемнің 43 мемлекетінің дипломатиялық миссия басшылары қатысқан кездесу барысында Ақтөбе облысының тартымды жобалары таныстырылды.  Одан бөлек биыл өңірде құны 104,7 млрд теңге болатын 6 жоба жүзеге асырылады деген жоспар бар, оған шетел қаржысының тартылуымен цемент, никель зауыттары мен тұрмыстық қалдықтарды өңдеу кәсіпорны кіреді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысында қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру үшін айырықша шаралар қолға алынып жатқандығын жеткізді. Былтыр Ақтөбе облысы Ресейге 6 мың тонна ет өнімдерін жіберген. 7,5 мың тонна ет өңдейтін зауыт салынды. Енді Италия компаниясымен соны кеңейту жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Нәтижесінде аймақ жылына кем дегенде 20 мың тонна ет экспорттайды

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қазіргі таңда аймақ басшылығы шетелдегі Қазақстан республикасының Елшіліктерімен белсенді қарым-қатынас орнатуды бастап кетті. Жыл басынан бері сыртқы істер министрлігінің ықпал етуімен ақтөбелік делегация үшін Қытай, Түркия, Иран, Польша, Словакия, Хорватия, Чехия және Финляндия елдеріне сапарлар ұйымдастырылып, озық іскерлік орта өкілдерімен кездесулер болып өтті. Сонымен бірге Үндістан, Индонезия, Чехия, Германия, Финляндия, Норвегия және Швеция дипломатиялық миссиялары басшылары мен өкілдіктері Ақтөбе облысына іскерлік сапармен келді.

Қосылды: 
28.03.2016 - 17:05
Соңғы өзгерiстер: 
07.09.2016 - 16:58

Жаңалықтар таспасы