Шетелдік сарапшылар Ақтөбе дәрігерлеріне шұғыл көмек көрсетудің шеберлік сабақтарын өткізді

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Вена Медициналық университетінің интенсивті терапия бөлімінің кеңесшісі, дәрігер-неонатолог  Йенс Кристиан Швидтпен және  жоғары санатты облыстық балалар ауруханасының (Нижний Новгород) дәрігер-анестезиологы, медицинадағы симуляциялық оқытудың Ресейлік қоғамы басқармасының мүшесі Анатолий Веревкинмен кездесті.

Айта кетейік, шетелдік мамандар Ақтөбеге «Бақытты бала» жобасының аясында ақтөбелік педиатрлар мен неонатологтарға шұғыл көмек көрсетудің шеберлік сабақтарын өткізу үшін келді. Сабақтар 23-24 сәуір күндері Ақтөбе медициналық кластер негізінде құрылған симуляциялық тренинг орталығында өткізілді. Тренингке 40-тан астам дәрігер қатысты.

Орталық реанимация модулінің және интенсивті терапияның медициналық жабдықтарымен жабдықталған, бұл барынша аурухана жағдайына жақындатады. Компьютерлік симулятор арасында австриялық және американдық өндірушілерден шыққан кәдімгі балалардың барлық физиологиялық қасиеттерін имитациялайтын адамға ұқсас симуляторлар ерекше орын алады. Анығында олар  VI деңгейге кіреді және реанимациялық іс-әрекет жасауға мүмкіндік береді.

Өңір басшысы қонақтарға ақтөбелік дәрігерлерге шеберлік сабақтарын өткізгендері үшін алғыс айтты.

- Біздің басты міндетіміз – халықтың емделуге өзге өңірлер мен шетелдерге шықпауы үшін облыстың және бүкіл батыс Қазақстан тұрғындарын сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету. Осыған байланысты Ақтөбе медициналық кластері құрылып, оның материалдық-техникалық базасын жақсартуға және білікті мамандарды даярлауға баса назар аударылуда. Сіздердің сабақтарыңыздың біздің медициналық қызметкерлеріміздің кәсібилігін арттыруға көмектесері, балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасына оң әсер етері сөзсіз,-деді Бердібек Сапарбаев.

Өз кезегінде, шетелдік қонақтар симуляциялық орталықтың материалдық-техникалық базасының жабдықталуы жоғары деңгейде екенін және облыстағы денсаулық сақтау саласын дамыту әлеуетінің жоғарылығын атап өтті.

- Біздің жаттығуларда көптеген шұғыл жағдайлар көрсетіліп, онда дәрігерлер науқастардың қайтыс болуына жол бермеу үшін жедел шешімдер қабылдауға мәжбүр болды. Біз «Бақытты бала» жобасын жүзеге асыруда әріптестерімізге көмек көрсетуге қуаныштымыз және Ақтөбе облысындағы дәрігерлерді оқытуға және біліктілігін арттыруда әрі қарай көмек көрсетуге дайынбыз », - деді А.Веревкин.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі