Экономикалық дамудың қарқынын төмендетпеу басты міндет

You are here


Аймақ экономикасының қарқынын төмендетпеу басты міндет. Бұл туралы бүгін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен, өнеркәсіп өндірісін арттыру және еңбек қатынасын ажқасарту мәселелеріне арналған жиын барысында айтылды. Оған, мемлекеттік және құқыққорғау органдары мен кәсіпорындар және кәсіподақ ұйымдарының басшылары қатысты. Жиында, биылға жоспарланған өндірістік өсімнің орындалу барысы туралы айтылып, ірі кәсіпорындардың басшылары есеп берді. Толығырақ келесі бейнесюжетімізде.

Облыстағы ірі кәсіпорындар мен кәсіподақ ұйымдары және мемлекеттік органдардың басшылары қатысқан жиын барысында алдымен облыс әкімі аймақтың өнім өндірудегі көрсеткіштеріне тоқталды. Бердібек Сапарбаев, әлемдік нарықта қалыптасқан жағдай, елімізге соның ішінде облысқа да әсер еткенін айтты. Бірақ, өнеркәсіп өндірісін төмендеупеу қажеттігін мәлімдеді.

БЕРДІБЕК САПАРАБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

- Жыл басынан бергі 8 ай ішінде облыстың кәсіпорындары 612 млрд теңгенің өнімін өндірген. Облыс әкімінің орынбасары Ғали Исқалиевтің айтуынша, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аз көрсеткіш.

ҒАЛИ ИСҚАЛИЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Тау кен өндірісі мен шикі мұнай, хром, және мыс өнідірудің индекстері төмендеді. Бұл нарықпен байланысты. Алайда, көгілдір отынды өндіру 45 пайызға артып отыр. Сондай-ақ, алдағы уақытта мұнай өндіру көлеміде өседі деген жоспар бар.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, өнеркәсіп өндірісіне қатысты мәселені үнемі бақылауда болуы қажеттігін айтты. Осы орайда,  Ғали Искалиевке кәсіпорын басшыларымен ай сайын жеке кездесіп, әрқайсысынының жұмысына талдау жасап отыру керектігін тапсырды. Ал, өндіріс ошақтарындағы жұмысшылардың жағдайы туралы облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова баяндады.

САРА НҰРҚАТОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Қазіргі таңда, кәсіпорындар мен аудан және қала әкімшіліктері арасында үш жақты меморандумға қол қойылды. Олардың саны 4 мсыңнан асады. Оның ішінде, ірі өндіріс орындарымен, орта және шағын бизнес саласы да бар. Алайда, меморандумды сақтай алмай отырған ұйымдар да кездеседі. Соның салдарынан жалақының уақытында берілмеуі, кейбір кәсіпорындарда жиілеп барады. 

Бұдан кейін ірі кәсіпорындардың басшылары өнім өндірудегі көрсеткіштері мен жұмысшылардың әлеуметтік жағдайлары туралы баяндады. СНПС Ақтөбемұнайгаз АҚ отандық өнім өндірушілердің тауарын тұтынуды 30 пайызға арттырған. Алайда, Облыс әкімі бұл көрсеткіштің аз екенін айтып, алдағы уақытта одан әрі жоғарылатудың жолын іздестіруді тапсырды. Ал, шетелге өнім шығаратын Ақтөбе хром қоспалары зауыты әлемдік нарықтағы жағдайға орай, өндіру көлемін азайтқан. Алайда, жұмысшылар санын қысқарту жоспарда жоқ екенін мәлімдеді. Еңбеккерлердің санын азайтпай, жалақысын уақытында беруді "АИС" ЖШС де жалғастырып келеді. Облыс әкімі серіктестік басшысына көрші облыстармен тығыз жұмыс істеуді тапсырды. Ал, мұнай бағасының әлемдік нарықта төмендеуіне байланысты, "Ұлы Қабырға" компаниясы бірнеше рет жұмысшылар санын қысқартқан. Алдағы күндері тағы да 200-ден астам адам санын азайтпақ. Облыс әкімі, бұл мәселенің алдын-алу үшін орынбасарларына тапсырма берді.  Ал, Автопарк және Қызылжар 2030 серіктестіктері жақын арада жұмысшылар алдындағы қарыздарынан толық құтылатынын мәлімдеді.

БЕРДІБЕК САПАРАБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі, кәсіпорын жетекшілерін бірлесе жұмыс істеуге және мемлекеттік бағдарламаларды оңтайлы қолдануға шақырды. Сондай-ақ, кеңес отырысының соңында барлық өндіріс орындарының жетекшілерін қалада жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына ат салысуға үндеді.

Қосылды: 
28.09.2015 - 17:58
Соңғы өзгерiстер: 
01.09.2016 - 11:35

Жаңалықтар таспасы