Ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдау үшін 2016 жылы 1,5 мил теңге бөлінеді

You are here

Облыстық кәсіпкерлер палатасы 2015 жылғы атқарылған жұмыстардың қорытынды есебін берді. Жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңес мүшелері, даму институттарының өкілдері және екінші деңгейлі банктердің басшылары қатысты. Қатысушылардың назарына палата қолдауымен өз кәсібін дөңгелеткен бизнес өкілдерінің көрмесі ұсынылды.

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы биыл бизнес саласына қызмет көрсету орталығын ашты. Онда жыл басынан үш жарым мың түрлі сервистік қызмет көрсетілген. Бұл ісін жаңа бастағандарға көп қолдау. Сондай-ақ, алдағы жылы жас кәсіпкерлерді қолдау үшін бір жарым миллиард теңге бөлінбек.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары облыстың аудандарында да ашылды. Оларда 497 жобаның 262-сі толық іске асырылып, нәтижесінде 504 тұрақты жұмыс орны құрылды. Бұл кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқановтың баяндамасында келтірілген мысалдың азы ғана. Ол кәсіпкерлер кезігетін кедергілерді де атап өтті.

НҰРЛЫБЕК МҰҚАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ  ДИРЕКТОРЫ

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау штабының негізінде осы саладағы көптеген заң бұзушылық анықталды. Жеке бизнес бойынша адамдарға кедергі келтірген 85 іс анықталып, жартысынан көбі оң шашымын тапты.

Жиыннан кейін кәсіпкерлер көрме ұйымдастырды. Олардың қатарында         

"Стартап" жобасына қатысып, 2 млн. теңге ұтып алған қобдалық Гүлсара Нұрпейісова да болды.

 

 

Қосылды: 
21.12.2015 - 17:56
Соңғы өзгерiстер: 
30.08.2016 - 00:12

Жаңалықтар таспасы